2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының тұрғындары мен қонақтарына сақтандыру медицинасы қоры бюджетінің өсуіне байланысты күшейтілген медициналық қызмет көрсетіледі.
МӘМС басты мақсаты – бұл жүйені жетілдіре отырып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру.
МӘМС жүйесі халықтың қосымша медициналық қызметке жұмсайтын қаржыларын үнемдеу үшін енгізілді. Бұған себеп бұл саланың толықтай қаржыландырмауы болды. Нәтижесінде халық денсаулық сақтау үшін 40 пайызға көп қаржы жұмсауға мәжбүр болды. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі қалыпты болу үшін, бұл көрсеткіш 20 пайыздан аспау керек. Осының бәрі сақтандыру медицинасына ауысудың басты себебі болды.
МӘМС жеке шығынды екі есе азайту қажет, өз кезегінде бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруы тиіс. Ал жоғары бәсекелестікте қызмет ететін медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасы өсуі керек.
№15 қалалық емхананың басты дәрігері Айжана Утежанова Мәжілісқызының бастауымен күнделікті тіркелген халық арасында ақпарат беру жұмыстары өтуде. Қызметкерлер арасынан әр ЖПД бөлімшесінде, каскадты әдіспен емхана жұмысшыларына сабақ берген спикерлер тағайындалған. Емхананың дәрігерлері патронаж, немесе профилактикалық тексеріс кезінде МӘМС-ке қатысты түсіндірме жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ, кіші және орта бизнес, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары, балабақша қызметкерлері арасында емханамен ақпарат беру жұмыстары атқарылуда. №15 қалалық емхананың ең жиі жиналатын жерлерінде арнайы ақпараттық стендтер орнатылған, үнемі МӘМС-ке қатысты бейнежазбалар көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, №15 қалалық емханада әлеуметтік қабылдау бөлмесі қызмет етіп тұр, онда әкімшілік қызметкерлері емделушілердің әр сұрақтарына жауап береді.
Сарапшылардың болжамы бойынша, МӘМС енгізудің арқасында елімізде медициналық қызмет көрсетудің сапасы жоғарылап, дәрігерлердің жалақысын көтеруге жақсы мүмкіндік туады. Емханалар жоғары деңгейлі құралдармен жабдықталып, қымбат дәрі-дәрмектер сатып алу мүмкіндігіне ие болады. МӘМС арқасында әр кісі дәрігерлік тексерістеп өтіп, өзіне керек емді ала алады. Өз қалтасынан ақша жұмсаудың қажеті де жоқ.