Арман Оспанов пен Расул Мирзаев Алматыда кездеседі

Аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен жұдырықтасады. 
Жекпе-жек 6 наурыз күні Алматы аренада ACA 105 турнир аясында өтеді. Айта кетейік, Оспанов пен Мирзаев 2018 жылы 10 қарашада Мәскеуде жұдырықтасу керек болатын, алайда, қазақстандық файтер жарақатына байланысты октагонға шыға алмады.
Sherdog статистикасы бойынша, 30 жастағы Оспанов тоғыз рет жеңіп, үш рет жеңілген, ал 33 жастағы Мирзаев 18 кезедсуді өз пайдасына аяқтады, оның екеуі қазақстандық Ержанов Естановпен болды.
Оспанов кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Алексей Полпудниковтен жеңілді. Бұл олардың үшінші жекпе-жегі еді — трилогия 2-1 есебімен Полпудниковтың пайдасына аяқталды.

Exit mobile version