---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/01/22/shyghys-qazaqstanda-qar-koeshkini-zhuerdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

![Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді](https://optimism.kz/app/uploads/2020/01/9e4616d2-a8af-4390-994d-426491b35e9a.jpeg)

**Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолын қар көшкіні басып қалған. **  

«22 қаңтарда «Өскемен-Алтай» тасжолының 64-ші шақырымындағы 350 текше метр жерді қар көшкіні басқан. Осының салдарынан жол жартылай жабылып қалды. Қазіргі уақытта «Казақавтодор» ЖШС қар тазалау жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.  

Осыған дейін құтқарушылар 20-26 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі бар екендігін ескерткен.  

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ, екпіні секундына 28 метрге дейінгі жел соғады деп күтілуде.

---

Опубликовано: 2020-01-22T11:11:50+05:00

Обновлено: 2024-06-14T16:41:12+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/), [Таза Қазақстан](https://optimism.kz/category/taza-kazahstan/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/01/22/shyghys-qazaqstanda-qar-koeshkini-zhuerdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».