---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/01/27/elorda-zhastary-mobildi-koemek-toptaryn-ujymdastyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елорда жастары мобильді көмек топтарын ұйымдастырды

![Елорда жастары мобильді көмек топтарын ұйымдастырды](https://optimism.kz/app/uploads/2020/01/58164dc63d829635737da4023bc114ac.jpg)

**Ауа райының күрт құбылуына байланысты астана жастары «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми [сайты](http://astana.gov.kz/kz/news/news/21514).**   

Акция аясында волонтерлер жалғыз басты қариялардың ауласындағы қарды тазалап, елорда тұрғындарына ыстық шай таратады, сондай-ақ жүргізушілерді балалы әйелдерді, қарт адамдарды тегін тасымалдауға шақырады.  

Өткен демалыс күндері волонтерлер тәулік бойы жұмыс істейтін коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бәліш таратты.  

![](http://astana.gov.kz/data/media/news/images/791c615373be000a2cf41f21374ba68a.jpg)  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция қала тұрғындарын бір-біріне қайырымды болуға шақырады.  

«Біз астананың әрбір тұрғынын мұқтаж адамдарға көмектесуге және «Біз біргеміз» акциясына қосылуға шақырамыз»,- деді қалалық волонтерлер штабының төрағасы Шыңғыс Тілеулин.  

«Біз біргеміз» акциясы елордалықтар арасында бірден қолдау тапты. Қала тұрғындары қарды тазалауға белсене қатысып, әлеуметтік желілерде #Бізбіргеміз хештегімен видеолар мен фотосуреттер жариялап жатыр.

![](http://astana.gov.kz/data/media/news/images/dd3c061b561108564c81cc98be7cecee.jpg)

Елорда жастарының бастамасымен өтіп жатқан бұл акция бір апта бұрын әлеуметтік желілерде таралды. Белгілі тележүргізуші, әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов, журналист Асхат Садырбай мен «Назар аудар» театрының әртістері жастармен бірге челленджге бастау беріп, оны барлық қазақстандықтарға жолдады.  

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда челленджге қоғам қайраткерлері, телеарна қызметкерлері, аудандық әкімдіктер, танымал тележүргізушілер, қазақстандық эстрада жұлдыздары мен қала тұрғындары қосылып жатыр.

---

Опубликовано: 2020-01-27T15:10:59+05:00

Обновлено: 2024-06-14T16:56:00+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/), [Таза Қазақстан](https://optimism.kz/category/taza-kazahstan/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/01/27/elorda-zhastary-mobildi-koemek-toptaryn-ujymdastyrdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».