---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/04/23/kytai-dyarigerleri-kazakstandagy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қытай дәрігерлері Қазақстандағы миссияларын аяқтады

![Қытай дәрігерлері Қазақстандағы миссияларын аяқтады](https://optimism.kz/app/uploads/2020/04/attachment-1.jpeg)

**Қытайлық дәрігерлер Қазақстандағы өздерінің жұмыстарын аяқтап, үйлеріне оралды. Медицина қызметкерлері тобының Қытайға қайтуын Қазақстан Әскери әуе күштері әскери-транспорттық авиация күшімен жүзеге асырылды.**

10 қытайлық дәрігерлерден құралған топтың  9 сәуірден басталған елімізге келуі 15 күнге созылды. Осы уақыт ішінде Аспанасты елінің мамандары  медициналық мекемелерге барып, семинарлар, тренингтер мен конференциялар аясында қазақстандық әріптестерімен коронавирустық инфекцияны алдын-алу мен COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу, инфекцияны жұқтырған адамдарды анықтау алгоритмі мен оларды оқшаулау, эпидемиологиялық зерттеулер әдістері, медициналық персоналдың диагностикадан өтуі мен олардың инфекцияны жұқтыруларын болдырмау туралы тәжірибелерімен бөліскен болатын.

Аталған шараларда әскери дәрігерлер де қатысқан болатын. Қазіргі таңда әскери медициналық персонал коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу және қауіпті инфекциямен күрестегі қажетті көмек көрсетумен айналысуда.

 ![](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2020/04/attachment-9.jpeg)

 

[![Наш канал в телеграме - Optimizm.kz](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2020/03/telega-optima@4x-20.jpg)](https://t.me/optimizm_kz)

---

Опубликовано: 2020-04-23T12:57:51+05:00

Обновлено: 2020-06-05T06:33:52+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/04/23/kytai-dyarigerleri-kazakstandagy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».