Елімізде он алтыншы наурыздан бастап жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында атаулы көмек көрсету үшін 150 миллион теңге бағытталды.
Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық және бірінші кезекте қажетті құралдар сатып алынып, партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлары арқылы халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына байланыссыз тарату жолымен үлестірілді. Сонымен қатар, партияның орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.
«Біз біргеміз» акциясына «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұжымы жұмыла кірісіп кетті.
«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы да жергілікті билік өкілдерімен, қала кәсіпкерлерімен, белсенді қала тұрғындары, жастар орталығы мамандары және волонтерлармен бірлесіп қарияларға, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен азық-түліктер, тазалық құралдарын таратуды қолға алды.
Акция бойынша алғашқы іс-шара бастауыш партияның Жаңаөзен қалалық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының ерікті жастарымен жүзеге асырылды. Жастар жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүжәлсіз отбасыларға, барлығы 200 дана қолдан тігілген көпреттік бетперде таратты.
Сонымен қатар «Біз біргеміз» ұранын ұстанған Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Исенбай Қалдаманов, Темір Мусаев, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, Саяси Кеңес мүшесі Андрей Нұртаев, партияның белсенді мүшелері Жұлдыз Мұханбетқалиқызы, Өсербай Табыншаев, Орынбасар Сейдов, Төлеген Бекенов, Қолдас Нұров, Аманжол Жұматов, Мұхтар Әлекенов және Азатбай Досчанов, жеке кәсіпкерлер Данияр Нұрғалиев, Маржан Абдешова, Баршагүл Дәулетова, Гүлсара Төлегенова, Болат Оразбаев және Жалғас Агисов, Үсен Тағанов, Ерсайын Ильясов, Бақтыгүл Досанова, Гаухар Мемадалиева секілді бірқатар кәсіпкерлер бірлікте акцияға атсалысып, көмекке мұқтаж азаматтарға карантин уақытында ең қажетті заттармен қамтамасыз етті.
Жекелей адамдардан бөлек қаламыздағы ірі мұнай компаниялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, атап айтар болсақ «ӨзенМұнайГаз» әкімшілігі және Жас мамандар кеңесі, компанияға қарасты № 1,2,3,4 МГӨБ, № 1,2,3,5 СҚКБ, МӨҚжТКЖБ, ӨТҚжЖЖБ, ТТБ, ХжЭБ, АжТБ, «Өзенэнергомұнай» басқармасы, «Өзенпромгеофизика» АҚ, «Бұрғылау» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «МұнайФилдСервис» ЖШС, «КЕЗБИ» ЖШС, «KMG ЕР- Catering» ЖШС, «Фирма Серік 2006», «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «КазТрансГазАймақ» АҚ-на қарасты Жаңаөзен газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Мейрамбек Аралбайұлы, «Өзенинвест», «Өзен Жылу» МКК, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жаңаөзен политехникалық колледжі ұжымы да белсенділік танытты. «Cabriole» мекемесіне қарасты ТРК «Жаңаөзен» аумағындағы такси тұрағы, «Престиж» жиһаз салоны, «Нұр» супермаркеті, «Жаңаөзен» ойын-сауық кешенінің әкімшілігі, «Жібек Жолы» базары, АГЗС қызметімен айналысушы жеке кәсіпкерлер Мұса Нұрмағанбет, Раушан Бутантаева, Ахат Сатыбаев, Бейбіт Мусина, Теңге ауылының № 11 орта мектеп жанынан құрылған «НИЕТ» еріктілер тобымен «Жаңаөзен Қайырымды Жандар» еріктілер тобы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы Райыс Сарсенқызы Мухашева бастаған кәсіподақ мүшелері жоғарыда аталған мекемелердің қатарын толықтырды.
— Бүгінгідей сын сағатта үлкендерге, мұқтаж жандарға көмектесу, қолдау көрсету, мейірім таныту адамгершіліктің белгісі. Республика деңгейінде жүзеге асырылып жатқан акцияға жаңаөзендіктер де белсенділік танытты. Көптеген мекемелер, кәсіпкерлер, жекелей азаматтар атсалысуда. Наурыз айында бастау алған акция аясында бүгінгі күнгедейін 374 жалғызбасты ана мен көпбалалы отбасылар, 155 мүмкіндігі шектеулі жандар, 34 жалғызбасты зейнеткер, 164 медицина саласының қызметкерлері, 46 білім бөліміне қарасты қызметкерлер барлығы 773 отбасыға көмек көрсетілді. Елімізде бастау алған акция бұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақыттада өз жалғасын табады, — деді «Nur Otan» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрберген Худибаев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсетуде.
Республикалық «Birgemiz» Қорынан өңірлік «Birgemiz — Mangystau» қорына 324 млн 350 мың теңге бөлінді. Қордан Ақтау және Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдарға 50 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Қаржылай көмек жеті санат бойынша яғни, аз қамтылған көпбалалы отбасылар, I топтағы мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғызбасты зейнеткерелер, жетім балалар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектері, оларға теңестірілгендер мен тыл ардагерлеріне берілді.
Бұл ретте аталған көмек облыс орталықтары мен коронавирус таралу қаупі жоғары ірі қалалардың тұрғындарына көрсетілді. Осы жәйттер ескеріле отырып, республикадағы 23 қала белгіленген. Сол 23 қаланың тізіміне Ақтау және Жаңаөзен қалалары кіріп отыр. Нәтижесінде барлығы 6487 мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсетілді, оның 4374 ақтаулық және 2113 жаңаөзендіктер.
Қазіргі таңда көмектің екінші кезеңін жүзеге асыру үшін жұмыстар жүргізілуде. Қаржылай көмек Ақтау қаласы бойынша 3944 Жаңаөзен қаласы бойынша 3218 мұқтаж жандарға беру жоспарлануда.
Айта кету керек, қаражат туралы ақпаратты birgemiz2020.kz қорының ресми сайтында толыққанды мәлімет алуға болады.
Акция аясында көмек алып жатқан жандар өз алғыстарын жаудыруда. Солардың бірі Тажикова Аққу есімді қала тұрғыны: «Осындай қиын кезде мен сияқты балалармен үйде отырған аналарға көмектескендеріңізге рахмет. Жақсылықтарың Алладан қайтсын» -, деп ризашылығын білдірді.
Голрох Жеменей