Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмов коронавирус инфекциямен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлерімен кездесті деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстауда алғашқы науқас анықталғаннан бастап, облыстық жедел штабтың шешімімен медицина мамандары Ақтау қаласындағы екі қонақ үйге тегін орналастырылған болатын. Қонақ үйлер аурухана мен обсерваторларға жақын орналасқан. Онда дәрігерлерге барынша қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы мен, Маңғыстау ауданының дәрігерлері де ауруханаға жақын қонақ үйлерге жайғастырылды. Олар да сыртқы ортамен байланыспай оқшауланған негізде жұмыс істеуде. Бүгінде Маңғыстау облысы бойынша 1400-ге жуық дәрігер бар. Оның 45-і қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүр.