---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/04/28/respublikalyk-ortalykka-9-bala/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Республикалық орталыққа 9 бала жіберілді

![Республикалық орталыққа 9 бала жіберілді](https://optimism.kz/app/uploads/2020/04/fb_img_1588008520130.jpg)

**Маңғыстау өңірінен санитарлық авиацияның көмегімен Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына 5 бала, ал Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына 4 бала жіберілген, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.**

Балалар 16 наурыз-21 сәуір аралығында жолдамамен жіберілген. Өңірде карантин жарияланып, санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан жағдай тұрақсыз болуына орай, маңғыстаулық балалар емін республикалық емдеу мекемелерінде жалғастырады. Маңғыстау облысы көпбейінді балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Ермекбаеваның айтуынша, медициналық ұйым карантин режимінде жұмыс жасауға көшкен. Ауруханада жоспарлы оталар және кейбір емделушілерді жатқызуға шектеу жасалған.

«Негізінен республикалық орталықтарға субүйрек, несеп-тас ауруы, өткір аққандылық, туа біткен жүрек кемістігі, бас миы ісігі, муковисцидоз диагнозымен жіберіледі. Айта кету керек, егер кішкентай науқаста бірінші рет аққандылық (лейкоз) анықталатын болса, химиялық тәсілмен емдеу тек Алматы шаһарында ғана өткізіледі. Ал, біз өзіміздің ауруханада демеуші ем жүргізетін боламыз. Жоғарыда атап өткен 9 баладағы аурудың асқынуына байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық орталықтарға жіберу туралы шешім қабылданды», — дейді Гүлжан Ермекбаева.

[![Наш канал в телеграме - Optimizm.kz](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2020/03/telega-optima@4x-20.jpg)](https://t.me/optimizm_kz)

---

Опубликовано: 2020-04-28T03:49:36+05:00

Обновлено: 2020-06-05T05:58:48+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/04/28/respublikalyk-ortalykka-9-bala/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».