Жас жігіт Мұнайлы ауданында жеке үйдің бірінде жөндеу жүргізіп жатқан кезде екі метр биіктіктен құлаған. Туысқандары оны дереу облыстық ауруханананың қабылдау бөліміне жеткізген.
Содан соң ол травмотология бөлімшесіне аударылған. Травматолог мамандар рентгенге және компьютерлік томографияға түсірген соң, стационарлық емдеуге алу жөнінде шешім қабылдаған. Жамбас сүйегінде көптеген жабық сынығы клиникалық диагнозы қойылды.
«Ауруханаға түскен кезінде науқас сол жақ жамбас буыны ауырып, мазалай беретіні туралы айтқан болатын. Барлық анализдері алынған соң облыстық ауруханада ота жасау туралы шешім қабылданды. Әрине, толықтай аяғына тұрып кету үшін біраз уақыт керек. Қалған ем-дом шараларын тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада жалғастыратын болады», — дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының травмотология бөлімшесінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.
Сөз соңында жас жігіт ақ халатты абзал жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ деп, өзінің ізгі тілегін жеткізді.
Голрох Жеменей
