---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/05/05/aktauda-jambas-suiegi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтауда жамбас сүйегі сынған жас жігітке ота сәтті жасалды

![Ақтауда жамбас сүйегі сынған жас жігітке ота сәтті жасалды](https://optimism.kz/app/uploads/2020/05/fb_img_1588671224710.jpg)

**Жас жігіт Мұнайлы ауданында жеке үйдің бірінде жөндеу жүргізіп жатқан кезде екі метр биіктіктен құлаған. Туысқандары оны дереу облыстық ауруханананың қабылдау бөліміне жеткізген.**

Содан соң ол травмотология бөлімшесіне аударылған. Травматолог мамандар рентгенге және компьютерлік томографияға түсірген соң, стационарлық емдеуге алу жөнінде шешім қабылдаған. Жамбас сүйегінде көптеген жабық сынығы клиникалық диагнозы қойылды.

«Ауруханаға түскен кезінде науқас сол жақ жамбас буыны ауырып, мазалай беретіні туралы айтқан болатын. Барлық анализдері алынған соң облыстық ауруханада ота жасау туралы шешім қабылданды. Әрине, толықтай аяғына тұрып кету үшін біраз уақыт керек. Қалған ем-дом шараларын тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада жалғастыратын болады», — дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының травмотология бөлімшесінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.

Сөз соңында жас жігіт ақ халатты абзал жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ деп, өзінің ізгі тілегін жеткізді.

***Голрох Жеменей***

[![Наш канал в телеграме - Optimizm.kz](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2020/03/telega-optima@4x-20.jpg)](https://t.me/optimizm_kz)

---

Опубликовано: 2020-05-05T11:07:27+05:00

Обновлено: 2020-06-04T10:32:01+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/05/05/aktauda-jambas-suiegi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».