5 мая 2020

Маңғыстауда тіс дәрігерлері қайырымдылық акциясын өткізді

Маңғыстауда тіс дәрігерлері қайырымдылық акциясын өткізді

Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының ұжымы қасиетті Рамазан айында көпбалалы отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер және аз қамтылған отбасыларға сый-сияпат жасады. Мекеме басшысы Қуат Машырықовтың бастамасымен қолға алынған шараға ұжым тікелей атсалысты.

Шараның мақсаты — бақыт пен көңіл-күй сыйлау, қолдау көрсету. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Осылайша тіс дәрігерлері өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.

Голрох Жеменей

Наш канал в телеграме - Optimizm.kz