Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының ұжымы қасиетті Рамазан айында көпбалалы отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер және аз қамтылған отбасыларға сый-сияпат жасады. Мекеме басшысы Қуат Машырықовтың бастамасымен қолға алынған шараға ұжым тікелей атсалысты.
Шараның мақсаты — бақыт пен көңіл-күй сыйлау, қолдау көрсету. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Осылайша тіс дәрігерлері өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.
Голрох Жеменей
