---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/05/27/kazakstan-onirlerinde-gazga-koterme-saudadagy-shekti-bagalar-ospejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан өңірлерінде газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді

![Газ. Optimism.kz](https://optimism.kz/app/uploads/2020/05/flame-580342_1280.jpg)

# Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

**Министр хабарлағандай халыққа, өнеркәсіптік тұтынушылар мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізді.**

Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы деңгейде бекітілген тауарлық газға шекті көтерме бағалар халық, кіші және орта бизнес, бюджеттік ұйымдар үшін тауарлық газға бөлшек сауда бағаларын тежеуге әкеледі және мультипликативті әсер ретінде жылу энергиясын өндіретін және электр энергиясын шығаратын отын-энергетикалық кешені үшін тарифтерді тежеуге ықпал етеді.

Бұрын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Министрлік тауарлық газға шекті көтерме сауда бағаларын өңіріне қарай 3,8-ден 17,5% шегінде төмендетті. Бұл еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде электр энергиясы  мен жылуға түпкілікті бағаны төмендетуге мүмкіндік берді.

Министрлік бекіткен тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 30 маусым аралығында да ағымдағы деңгейде сақталды.

---

Опубликовано: 2020-05-27T05:15:06+05:00

Обновлено: 2020-05-27T05:15:56+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/05/27/kazakstan-onirlerinde-gazga-koterme-saudadagy-shekti-bagalar-ospejdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».