Көп пәтерлі үйлердің меншік иелерінің деректерін ауыстыру бойынша онлайн-сервис іске қосылды

Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағындағы электр энергиясын кепілдік жеткізушісі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің сайтында (www.esalmaty.kz) кезекті онлайн-сервис іске қосылды.

Дербес шот бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі туралы деректердің өзгерістерін енді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) куәландыру арқылы және «Жеке кабинетте» тіркеу жүргізбей онлайн режимінде енгізуге болады.

Функционал электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын және пәтерлерде тұратын жеке тұлғаларға ғана арналғандығын атап өткен жөн.

Интернетке шығу мүмкіндігі болған жағдайда, тұтынушы өз үйінде, кеңседе, өтінім береді, қажетті құжаттарды тіркейді, электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қояды және меншік иесі туралы деректерді өзгертуге өтінім жібереді.

Деректемелерді онлайн өзгерту кезіндегі іс-әрекеттер реті мынадай:

Егер тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін ақыны сараланған тариф бойынша төлеуді қаласа, онда тіркелген тұлғалар туралы мәліметтері бар тағы бір құжатты ұсынады, атап айтқанда egov.kz-тегі Жеке кабинетте жылжымайтын мүлікте тұратындардың/тіркелгендердің санын растауы бар экранның скриншоты (Жеке кабинеттің жоғарғы бөлігінде);

Назар аударыңыз! Егер тұтынушы «Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді» тіркемесе, онда есеп айырысу жүргізу кезінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің орташа босату тарифі қолданылады, 01.01.2020 жылдан бастап – 1 кВт.с үшін ҚҚС-пен 19,17 теңге.

Меншік иесінің деректеріндегі өзгерістер онлайн өтінімді қарастыру оң мәртебесін алғаннан кейін келесі айдан бастап коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шотта көрсетілетін болады.

Exit mobile version