Тосқауылсыз балалық шақ

Ерекше сұранысқа ие балалар басқалармен қалай бірге білім ала алады? Оны осы роликтен көре аласыздар.

Бұған дейін оқшауланып келген балалар, өз құралпастарымен тең дәрежеде дос тауып, шығармашылық дарындарын паш етіп, қарым-қатынас жасаудың теңдессіз тәжірибесіне ие болып, оқу барысында жетістіктерін көрсетіп отыр!

Бұл роликтің кейіпкері Камила Роллан және оның командасы бар күш-
қуаттарын астанадағы тұңғыш «Education For All» инклюзивті білім беру орталығын ашуға бағыттады. Олар мәселенің бәрін мемлекет шешуі тиіс дегенге сүйенбестен, өзекті әлеуметтік проблеманың білікті шешімін ұсынды.

Камила «Шеврон» компаниясының қолдауымен өткен «I-SEED» конкурсына қатысып, грант ұтып алды. Бұл мүмкіндік орталық ашу идеясын жүзеге асыруға көмектесті. Ал бұл өте маңызды идея: инклюзия біздерді жекелеме айырмашылықтарымызға қарамастан, өзара тіл табысып, бір-бірімізді бірдей қабылдауға үйретеді.

Ал сіз инклюзия барлық балаларға тиімді деп есептейсіз бе?

Exit mobile version