---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/06/01/yaskeri-kyzmetshiler-balalardy-halykaralyk-balalardy-korgau-kynimen-kyttyktady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әскери қызметшілер балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

![Әскери қызметшілер балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады](https://optimism.kz/app/uploads/2020/06/photo_2020-05-31_18-45-26.jpg)

**Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қарулы күштер әскери қызметшілері балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілерін құттықтады.**

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері Аягөздегі арнайы әлеуметтік көмек көрсету балалар орталығының тәрбиеленушілері үшін құттықтау, шоу-бағдарлама мен ертегі кейіпкелерінің қатысуымен ойын-сауық ойындарымен мереке ұйымдастырды.

Сыйлықтар да болды. Әскерилер балалар үшін спорттық жабдықтар, дидактикалық ойындар және тәттілерді де дайындаған.

[![Иллюстрация — Әскери қызметшілер балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2020/06/photo_2020-05-31_18-45-31.jpg)](https://optimism.kz/app/uploads/2020/06/photo_2020-05-31_18-45-31.jpg)

Айта кетсек, осы мекемеде 100 тәрбиеленуші бар. Орталық тәрбиеленушілерінің көбісі бала кезінен мүгедек, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар да бар.

Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері орталыққа үнемі келіп тұрады, барлық жағынан көмек көрсетіп тұрады. Атап айтқанда, гарнизон басшылығы карантин мезгілінде  балаларымен бірге карантинде болатын қызметкерлерді 45 төсек орынмен қамтамасыз етті. Жылдың мезгіліне қарай әскери қызметшілер мекеменің аумағын тазартуға және абаттандыруға, ойын алаңын жаңартуға көмек көрсетіп тұрады. Әр мереке сайын балаларға  экскурсиялар мен концерттер, сонымен қатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұның бәрі жақсы дәстүрге айналып, жылдан жылға жалғасуда.

---

Опубликовано: 2020-06-01T06:16:50+05:00

Обновлено: 2020-06-01T06:20:03+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/06/01/yaskeri-kyzmetshiler-balalardy-halykaralyk-balalardy-korgau-kynimen-kyttyktady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».