---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/06/04/almatyda-2167-sauda-nysany-karantin-sharalarynyn-saktaluyna-tekserildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 2167 сауда нысаны карантин шараларының сақталуына тексерілді

![Алматыда 2167 сауда нысаны карантин шараларының сақталуына тексерілді](https://optimism.kz/app/uploads/2020/06/photo_2020-06-04_10-13-25.jpg)

**Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық —эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қадағалау бойынша мониторингтік топ күнделікті жұмыс жүргізуде.**

Мониторингтік топ бұл жолы Бостандық ауданының аумағындағы 17 кәсіпкерлік субъектісін тексерді. Олардың арасында: «Мимино», «Del papa», «Party Pizza», «Хачапури и Вино», «Суши Рай», «Хачапури» мейрамханалары; «Марокко», «МаМи» сұлулық салондары; «Раушан», «Шағынмаркет», «Мөлдір», «Магнит» азық-түлік дүкендері; «Тирамису» кондитерлік дүкені; «Аквастарс» спорттық-сауықтыру бассейні; Mon Amie СҮ; Kaspi банк бөлімшесі; «Еврофарма» дәріханасы бар.

[![Иллюстрация — Алматыда 2167 сауда нысаны карантин шараларының сақталуына тексерілді](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2020/06/photo_2020-06-04_10-13-28.jpg)](https://optimism.kz/app/uploads/2020/06/photo_2020-06-04_10-13-28.jpg)

Тексеру барысында екі нысаннан — «Раушан» азық-түлік дүкені мен «Мимино» мейрамханасынан маска тағу режимінің орындалмауы, тепловизорлардың жоқтығы мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді.

Мониторингтік топтар жұмысын бастағалы қалада барлығы 2 167 нысан тексерілді, олардың 125-де Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында бекітілген талаптардың бұзылғаны анықталған. Осыған байланысты, 69 нысанның (оның ішінде 56-сы нысан басшылығының шешімімен) жұмысы тоқтатылып, нысандарда өрескел тәртіп бұзушылыққа қатысты 72 әкімшілік хаттама толтырылған.

Мониторингтік топтың құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөлімдерінің, кәсіпкерлікті дамыту қызметкерлері, полиция қызметкерлері, сонымен бірге, БАҚ өкілдері енген.

Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.

---

Опубликовано: 2020-06-04T04:16:21+05:00

Обновлено: 2020-06-04T04:16:52+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/06/04/almatyda-2167-sauda-nysany-karantin-sharalarynyn-saktaluyna-tekserildi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».