2020 жылдың 15-25 сәуірі аралығында Атырау жастарының арасында «Сіз карантин кезінде немен шұғылдаңғыңыз келеді?» атты онлайн-сауалнамасы өтті. Онлайн сауалнаманың мақсаты — Атырау жастары үшін қызықты және маңызды оқыту түрлері мен форматтарын анықтау және жастарды жаңа кеңістік — «Jaspace»-пен таныстыру.
Jaspace — бұл жастарға STEM дағдыларын үйренуге, мақсат қоюға, шешім қабылдауға, талдауға және шабыттануға мүмкіндік беретін керемет кеңістік. Jaspace бағдарламалау, робототехника, цифрлық технологиялардан басқа, дизайн, медиа, шығармашылық жазуы, арт-технологиялар, ХХІ ғасыр дағдыларын оқыту бағдарламаларын қосымша оқытатын болады.
Барша келушілерге арналған Jaspace-тің салтанатты ресми ашылуы Атыраудағы эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін ұйымдастырылады. Жобаны Британдық Кеңес (British Council), «Шеврон», Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен, Атырау жастарын дамыту бастамасы аясында жүзеге асыруда.
Сауалнамаға қоғамда оң өзгерістер енгізуге құштар, сонымен қатар өмірлік дағдыларын дамытуға, робототехника, бағдарламалау, қазақ мәдениеті, өнер және дизайн, ағылшын тілі және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық танытқан, 12-27 жас аралығындағы 453 респондент қатысты. Онлайн-сауалнамадан өтуге Атырау облысының жастары тартылды. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
Онлайн-сауалнаманың нәтижелері көрсеткендей:
• Атырау жастары жеке дағдыларды (36,2%), кәсіпкерлікті (39,9%) және ағылшын тілін (42,8%) дамытуға қызығушылық танытты;
• Сондай-ақ, жастар бос уақытын әлеуметтік белсенділікке, қолөнер мен бағдарламалауға арнауға дайын;
• Респонденттер үшін ең қолайлы оқыту формалары: практикалық шеберлік орталықтары (45,9%), оқу сапарлары (28,5%), тәлімгерлік (оқытушы мен қатысушы, шағын топ) (13,7%) екендігі айқындалды;
• Барлық қатысушылармен онлайн-тренингтер (38,6%) және онлайн-дәріс (39,9%) сияқты оқыту форматтары ерекше аталып өтті;
• Респонденттер онлайн өзін-өзі дамытуға үлкен қызығушылық танытты, респонденттердің 45%-ы күніне 30-90 минут уақыттарын, ал 28%-ы күніне 2 немесе одан да көп сағат уақыт бөлуге дайын екендіктерін білдірді;
• Жастар өздері үшін ең қолайлы уақыт аралығы ретінде 14.00-ден 20.00-ге мезгілді атап өтті;
• Ал, керісінше, ең ыңғайсыз уақыт мезгілі 11.00-ден 14.00-ге дейінгі аралық екендігі көрсетілді;
• Жастар ұсынылған Jaspace логотипінің төрт нұсқасының бірін таңдады.
Сондай-ақ, мамыр айының соңында British Council (Британдық Кеңес) онлайн-сауалнаманың нәтижелерін жариялап, бөлісу мақсатында вебинар ұйымдастырып, оған Атырау қаласындағы жас белсенділері, студенттік ұйым басшылары, білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асырушы азаматтар мен Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін шақырды.
Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «I-SPACE» жастар бизнес-инкубаторының жетекшісі Шайхиева Бибігүл атап өткендей: «Осы сауалнаманың нәтижелері жастармен жұмысты жоспарлауда пайдалы. Біз оларды өз жұмысымызда қолданамыз. Сонымен қатар, біз Jaspace кеңістігінің ашылуын асыға күтеміз және болашақтағы өзара ынтымақтастық мүмкіндігіне қуаныштымыз».