Алматыда дәрігерлер нәрестенің өмірін құтқарып қалды

Операция в Алматы. Optimizm.kz

Фото: пресс-служба Управления общественного здоровья Алматы

Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында дәрігерлер туа біткен жүрек ақауы, қолқа критикалық коарктациясы, қарыншааралық қалқаның ақауы, жоғары өкпе гипертензиясы диагнозы қойылған жаңа туған нәрестеге күрделі операция жасады.

Жаңа туған және дүниеге келгеніне бірнеше ай болған нәрестелерде аорты коарктациясы өте ауыр болуы мүмкін. Бұндай жағдайда төменгі бөлімдердегі қан айналымы тек артериалды қан ағысы арқылы ғана жүзеге асырылады.

Бұл өте қауіпті, қиын жағдай. Дененің жоғарғы бөлігіндегі жүрек жеткіліксіздігі мен гипертонияның белгілері қайта қалпына келмейтін ми қан тамырларының зақымдануына қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда кардиохирургтың жедел көмегі сәби өмірі үшін өте маңызды.

Кардиохирургия дәрігері Геннадий Нигай аортының тарылу аймағын жою үшін кезең-кезеңмен екі рет ота жасады.
Бірінші кезеңде, нәрестенің дүниеге келгеніне 6 күн болғанда дәрігер коарктация резекциясын жасап, көлденең анастамоз қойды.

«Бұл әдіс бір жасқа толмаған балаларда аорты коарктациясын түзетуді жақсы әрі қауіпсіз нәтижелермен орындауға мүмкіндік береді», — деді Геннадий Нигай.

Бір айдан кейін қарыншааралық қалқаның ақауы пластикасы бойынша екінші операция жасалды, . Екі операцияның әрқайсысы 3 сағатқа созылды.

Жалпы, дәрігерлер өз міндеттерін мінсіз орындап шықты және қазіргі уақытта нәресте ауруханадан шығуға дайындалуда.

Exit mobile version