Алматы дәрігерлері 134 күн бойы салмағы 527 грамм нәрестенің өмірі үшін күресті

Ребенок. Казахстан. Optimism.kz

Иллюстративное фото / Pixabay.com

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына жүктілігіне 25 апта болған 34 жасар әйел ауыр күйде түсті.

Келіп түскен кезде пациенттің 2015 жылы гломерулонефрит (бүйректің зақымдануы) және бүйрек терминалдық ауруынан (соңғы сатысы) бүйректі аллотрансплатациялау донорлық операциясын (әкесінен) өткергені анықталды, оны А.Сызғанов атындағы ҰХО директоры, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Болатбек Баймуханов жүргізген.

Сәтті өткен операцияның арқасында нефрологтар көптен күткен жүктілікке рұқсатын берген.

Алайда, жүктілік кезінде науқастың жағдайы қатты нашарлаған.

Ауруханаға келісімен пациентті дереу реанимация бөліміне жатқызды.

Сондай-ақ, пациенттің жағдайы ұрықтың өліміне әкелуі мүмкін инфекциялардың кесірінен қиындады.

Нефролог, трансплантолог, гематолог, невропатолог, терапевт, акушер-гинеколог және реаниматологтардың қатысуымен жалпы қалалық консилиум шақырылды.

Трансплант қызметінің нашарлауын және жалпы жағдайды ескере отырып, дәрігерлер кесар тілігі арқылы босандыру шешімін қабылдады.

Ота биылғы жылдың 4 наурызында Орталық директоры, профессор Гани Бодыков және хирург-трансплантологтың қатысуымен өткізілді.

«Операция асқынусыз өтті. Нәтижесінде салмағы 527 гр., бойы 31 см шала туған қыз дүниеге келді. Нәрестенің дене-тұрқы алақандай ғана болды. Қыздың туған кездегі жағдайы респираторлық бұзылыстар, тыныс алу жеткіліксіздігі бар өкпе ателектазы, орталық жүйке жүйесінің гипоксикалық зақымдануы, шала туылу және жетілмеу, дене салмағының өте төмендігі есебінен өте ауыр деп бағаланды»,- дейді Ғани Бодықов.

Сәбидің туған сәттегі өте ауыр жағдайына байланысты дәрігерлер өте мұқият болжам жасады. Дегенмен, дәрігерлер бала өмір сүреді деген үмітті жоғалтпады.

Реанимация бөлімінде жаңа туған нәрестенің өмірі үшін күрес 43 күнге созылып, содан кейін ғана сәби жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды.

Одан кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде 91 күн ұзақ күтім процесі күтіп тұрды.

ҚазМҮББУ және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың неонатология кафедрасының профессорлары мен доценттерінен бірнеше рет консультация берілді.

Орталықта болған кезде сәбидің көзіне шала туған нәрестелердің ретинопатиясы бойынша ота жасалды, ол да сәтті өтті.

Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы — негізінен мезгілінен өте ерте туған шала нәрестелерде болатын, торлы және шыны тәрізді денеде өзгерістер әкелетін көз ауыруының ауыр түрі. Бұл ауру көру функцияларының біржола жоғалуына әкеліп соғады.

Дәрігерлер нәрестенің өмірі мен денсаулығы үшін 134 күн бойы күресті. Олардың күш-жігерінің арқасында сәби 2 килограмм 70 граммға дейін салмақ жинады. Дәрігерлер нәрестеге өз бетінше дем алып, тамақтануға үйретті.

Міне, 14 шілдеде, 4,5 айдан кейін көптен күткен шығару күні келді. Дені сау сәбиді үйіне шығарды.

«Дәрігерлер — жарайсыздар! Олар — батырлар. Дәрігерлердің арқасында мен және менің көптен күткен қызым екеуміз қазір тіріміз. Олардың маған қолдау көрсеткені үшін үлкен рахмет. Әрбір жылы сөзі үшін рахмет! Сіздердің ерен еңбектеріңізге алғысым шексіз!», — деп сәбидің бақытты анасы қуанышымен бөлісті.

Қазіргі кезде нәрестенің өміріне еш қауіп жоқ, бала белсенді түрде жетіліп келеді. Анасы да өзін жақсы сезінеді.

Дегенмен, Ғани Бодықовтың айтуынша, бала 1 жасқа толғанша Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының емханасындағы катамнез кабинетінде мамандардың бақылауында болуды жалғастырады.

Нефролог, трансплантолог, гематолог, хирург, терапевт, акушер-гинеколог, реаниматолог, реабилитолог сияқты түрлі маман-дәрігерлердің бірлескен үлкен жұмысының арқасында күрделі патологиясы бар пациентке ана болу бақытына ие болды.

Мұндай жағдайлар өте сирек кездесетін ғажайып сәттер екенін айта кеткен жөн, өйткені нәресте 22-ші және 34-ші апта аралығында дем ала алмайды және оның көру қабілеті мен ас қорыту жүйесі дамымайды.

Дәрігерлердің көмегінсіз мұндай шала нәрестелердің аман қалу мүмкіндігі 10-нан тек бір болады.

Набира Эсенова, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы

Exit mobile version