Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары күрделі операция жасап, нәтижесінде науқастың бас сүйегінен оқ алып, ер адамның өмірін сақтап қалды.
16 шілдеде № 4 ҚКА қабылдау бөліміне сол жақ маңдай-самай аймағынан қан кеткен және бас айналуға, сол көзіндегі көрудің төмендеуіне шағымдармен 38 жастағы ер адам келіп түсті. Ер адам жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді.
«Ашық бас сүйек-ми жарақаты. Бас сүйектің оқпен атылуы. Мидың ауыр дәрежедегі соғылуы эпидуральды гематомамен және маңдай-самай бөліктерімен бөгде дененің (оқтың) қысылуымен байланысты. Маңдай және самай сүйектерінің фрагменттік сынуы. Бас сүйегінің рентгенограммасында суретінің 2 проекциясында қара-самай аймағындағы қара сүйегінің сынуы және бас миының паренхимасының зақымдануы бар металдан жасалған бөгде дененің табылғаны расталды», — деді Алматы қаласы № 4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Тимур Айтмұханов.
Жарадан қан кету салдарынан ер адам шұғыл түрде анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.
Операция 2 сағат 50 минутқа созылды. Бас сүйектен оқты алып тастау күрделі дәрежелі міндет, нейрохирургтар мидың зақымдану қаупін және оның маңызды функцияларын ескерді. Дәрігерлер операциядан кейін ағзаның барлық органдары мен жүйелерінің жұмысын барынша қалпына келтіруге міндеттелген болатын. Операция сәтті өтті, пациент есін жинады.
Операциялық бригада: оператор-дәрігер- Тимур Мұратұлы Айтмұханов, ассистент Бауыржан Асқарұлы Бекбаев, анестезиолог — Асқар Көкталұлы Сандыбаев, операциялық мейірбике — Рашида Иманжановна Турдахунова.