Алматыда дәрігерлер ағаштан құлаған 10 жасар қыздың өмірін сақтап қалды

ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына» МКК 10 жастағы қыз бала өте ауыр, коматозды жағдайда жеткізілді.

Қыз бала 2,5 метр биіктіктегі ағаштан құлаған. Құлау кезінде басымен жерге соғылды.

Науқас хирургтер мен нейрохирургтар бригадасы тексергеннен кейін шұғыл реанимация бөліміне жатқызылды.

Мидың және бас сүйегінің компьютерлік томографиясы сол жақ париетальды сүйектің депрессиялық-фрагменттік сынуы мен сол жақ париетальды сүйектің эпидуральды гематуралық сынығын көрсетті.

Орталықтың дәрігерлері шұғыл операция жасады, себебі кішкентай науқастың өмірі бірнеше минутқа ғана созылды.

Шұғыл операция жүргізіліп бас сүйегіне трепанация жасалды, осыдан кейін дәрігер ұйыған қанды гемотаманы алып тастап, мидың қатты қабығына пластика орнатты. Дәрігердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында операция сәтті өтті. Науқас бір аптаға жуық жан сақтау бөлімінде болды.

Бүгінгі таңда қыз баланың жағдайы ауыр, тұрақты және реанимациядан аурухананың нейрохирургиялық бөліміне ауыстырылды.

Науқас есін жиды, уақытылы тамақтануда, қазіргі уақытта жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда. Ата-аналарға балаларын аулада ойнап жүргенде жиі қадағалап отыруды және «балалармен жарақаттанудың алдын алу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы (ашық тоқ көздерін ұстамау, ағашқа шықпау, әткеншектерге баяу сырғанау, самокат, велосипед, скейт ойнағанда арнайы қорғаныс формасын кию)» — Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиев айтып өтті.

Exit mobile version