9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде белгілі атыраулық спортшы, грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапты, деп хабарлайды Оптимизм Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.
Ол жүрегіне тиген оқтан қайтыс болды. Бір апта бұрын ол 18 жасқа толған еді.
Атырау облысының полиция департаменті бұл оқиға туралы әзірге түсінік берген жоқ. Сондай-ақ, оны өлтіруші ұсталды ма, жоқ па, ол да белгісіз. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбыда полицейлер рейд жүргізген.