# Алтын өндірушілер демеушілік жасады

![Алтын өндірушілер демеушілік жасады](https://optimism.kz/app/uploads/2020/10/photo_2020-10-08_18-53-29.jpg)

**Т.Рысқұлов Аудан аумағында алтын өндірумен айналысатын «Golden Compass Jambyl» ЖШС-гі соңғы жылдары көптеген қайы­рымдылық істерді іске асырып, халық­тың алғысына бөленуде.**

Коронавирус пан­демиясы кезінде Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының орталық ауруханаларына құны 24 миллион теңге тұратын жасанды демалу аппаратын (ИВЛ) алып беріп, үлкен сауапты іс жа­саған болатын.

Қайырымдылық істерін жал­ғас­тырған Құрбан Закиржанұлы Изалов басқаратын серіктестік Абай ауылында соғылып жатқан әлеуметтік, халал асхананың шатырына құны 1 миллион теңге тұратын сапалы темір жабдықтарды жеткізіп беріп, ауыл халқының алғы­сына бөленді. Аталған серіктестік ауыл маңындағы тау жолын жөндеуге, ауыл­дағы спорт алаңдарын дамытуға өз үлестерін қосумен қатар, көпбалалы, жалғызілікті ауыл тұрғынына үй алып беруге де ниет білдіріп отыр.

---

Опубликовано: 2020-10-08T12:56:00+05:00

Обновлено: 2020-10-08T12:56:10+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/10/08/altyn-ndirushiler-demeushilik-zhasady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».