Кәсіподақ көшбасшыларымен кездесу

10 қазан- Кәсіподақтар күніне орай аудан әкімі Е.Садырқұлов ауданның әр саласындағы кәсіподақ ұйымдары мүшелерімен кездесу өткізіп, марапаттады.

 Кездесуге әр саланың бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.Кездесуге келген кәсіподақ мүшелерін аудандық ардагерлер ұйымы төрағасы Қ.Қ.Бижанов құттықтап, кәсіподақ ұйымдарының қоғамдағы рөлі мен атқаратын қызметі туралы айтып өтті. Кәсіподақ мүшелерімен кездесуде әр саланың кәсіподақ ұйымында ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен қол жеткен табыстары туралы пікірлерін жеткізу үшін ортаға шыққан кәсіподақ көшбасшылары-мәдениет саласы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы, Қарақыстақ ауылдың мәдениет үйінің меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты З.Н.Оразалиева, денсаулық саласы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы, аудандық орталық емхананың эндекренолог-дәрігері Ш.А.Сәрсенқұлова, білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрайымы А.М.Баймұратова,спорт саласы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы А.Ақберді өз ойларымен бөлісті.

Кездесу соңында ауданның қоғамдық-мәдени, әлеуметтік—көпшілік өмірінде ерекше еңбектерімен белсенділік танытқан кәсіподақ мүшелері мен ардагерлері марапатталып, естелік суретке түсті.

Exit mobile version