Т.Рысқұлов ауданында білім беруді дамытуға арналған қаржы көзі жылдан-жылға артып келе жатқаны белгілі, биылдың өзінде бюджеттен бұл мақсатқа жалпы 12 088,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Биыл әкімдік тарапынан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне ауданда барлық жағдайды қарастырып, білім нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде.
Ауданда 8 мектепті күрделі жөндеуге және 1 мектепке қосымша құрылыс салуға 943,62 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.Оның ішінде Қазақ ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебіне мәжіліс залы мен екі пән кабинеті құрылысы бар. Сол сияқты Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі, Көгершін ауылындағы Ақтоған шағын орталықты орта мектебі, Қызыл шаруа ауылындағы №3 шағын орталықты орта мектеп, Р.Сәбденов ауылындағы Ақбұлақ орта мектебі, Каменка ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп және Құлан ауылындағы №1 мектеп-лицейі, Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептері ғимараттары толығымен заманауи үлгіде жаңарды.


Аудандағы Құлан агротехникалық жоғары колледжінде оқу корпусы мен асханасын күрделі жөндеу жұмыстарына 481,0 мың тг бөлініп, жұмыстар қазан айының соңында жүргізіледі.
#мемлекеттік бағдарлама