Т.Рысқұлов ауданында 42 елді мекеннің 24-іне толық газ тартылған, газ кірмеген 18 ауылдың 11-нің (Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Шолаққайыңды) газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ, Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты ауылдарын 1,56 млрд. теңгеге қаржыландыру республикалық бюджеттен, Шөңгер, Шолаққайыңды ауылдарын 240,1 млн.теңгеге қаржыландыру облыстық бюджеттен болады.
Сонымен қатар даулы мәселе болып келе жатқан 5 елді мекенді (Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ) газдандыруға облыстық бюджет есебінен 50 млн. теңге қаражат бөлінді.
Ауданда 7 елді мекен (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезі, Қорағаты станциясы) халық санының тиісті нормадан аз (50 адамнан төмен) болуына байланысты экономикалық тұрғыда тиімсіз елді мекендер деп танылған.
Газдандырылған 24 елді мекенде түрлі себептермен орталықтандырылған газ торабына қосылмай қалған 406 тұрғын үйдің 359-ын төмендетілген бағамен газ торабына қосу жұмысы жүргізілген. Бүгінде құжаттары толық болмауына байланысты ішінара газға қосылмаған 47 үй қалып отыр.(Луговой, Құмарық, Қаракемер, Жарлысу, Әбжапар, Өрнек, Құлан, Қарақат, Р.Сәбденов, Еңбекші, Көкарық). Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасып,бақылауға алынып, толық шешімін табатын болады
#мемлекеттік бағдарлама