Т.Рысқұлов ауданы аумағында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 91 ауылішілік көшені және 3 аудандық жолдарды жөндеуге 814,9 млн. теңге бөлініп, 68 нысанның жөндеу жұмысы толық аяқталды.
Қалған жолдарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Облыстық мәндегі 3 автокөлік жолдарын жөндеуге 459,1 млн. теңге бөлініп, бұл жұмыстар да аяқталды. Жарықпен қамтамасыз ету туралы.
Т.Рысқұлов ауданында көшелерді жарықпен қамтамасыз ету бойынша 149,5 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыс аясында аудан елді мекедеріндегі 128 көшенің шамдары жаңа диодты шамдарға ауыстырылды.
#мемлекеттік бағдарлама.