Жақында «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Құрбан Изалов аудан әкімі Ерболат Садырқұловқа құны 7 миллион теңгені құрайтын 100 планшет табыс етті.
Өз кезегінде аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы кәсіпкер азаматқа жеке алғысын білдіріп, алдағы жылдар еншісінде берекелі ұжымның беделі бұдан да биік белестерді бағындыра беруге ниеттес екенін жеткізді.
Кәсіпкерден қабыл алған қайтарымсыз планшеттерді Ерболат Садырқұлов аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Майра Базароваға табыстап, бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасы жеткіншектеріне табыс ету қажеттігін сөз етті.
Апта басында аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Айдарбекқызы аудан басшысының тапсырмасы бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасы жеткіншектеріне Құрбан Изалов қайырымдылық ретінде берген қайтарымсыз планшеттерді бекітілген тізім бойынша үлестіріп берді. Бөлім басшысы өз сөзінде ата-аналарға бұл жақсылықты «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Құрбан Изалов жасап жатқанын атап өтті. Жиын соңында Нұртан Алимбекова көпшіліктің алдына шығып, Құрбан Изалов басшылық жасап отырған «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымына алғысын білдірді.