• О нас
  • Реклама
  • Правила
  • Контакты
Пятница, 18 июля, 2025
 Версия слабовидящим
Optimism.kz - Истории успеха
  • Политика
  • Экономика
  • Аналитика
  • Таза Қазақстан
  • Здоровье
  • Общество
    • Спорт
    • Культура
    • Закон и порядок
    • ESG
    • Прочее
  • Регионы
    • Астaна
    • Алматы
    • Шымкент
    • Акмолинская область
    • Алматинская область
    • Актюбинская область
    • Атырауская область
    • ВКО
    • ЗКО
    • Жамбылская область
    • Карагандинская область
    • Костанайская область
    • Кызылординская область
    • Мангистауская область
    • Павлодарская область
    • Туркестанская область
    • СКО
  • Спецпроекты
    • Истории успеха
    • Актуально о страховании
    • Добро
    • Технологии и Инновации
  • Политика
  • Экономика
  • Аналитика
  • Таза Қазақстан
  • Здоровье
  • Общество
    • Спорт
    • Культура
    • Закон и порядок
    • ESG
    • Прочее
  • Регионы
    • Астaна
    • Алматы
    • Шымкент
    • Акмолинская область
    • Алматинская область
    • Актюбинская область
    • Атырауская область
    • ВКО
    • ЗКО
    • Жамбылская область
    • Карагандинская область
    • Костанайская область
    • Кызылординская область
    • Мангистауская область
    • Павлодарская область
    • Туркестанская область
    • СКО
  • Спецпроекты
    • Истории успеха
    • Актуально о страховании
    • Добро
    • Технологии и Инновации
Нет результатов
Посмотреть все результаты
Optimism.kz - Истории успеха
Freedom Broker
Главная Прочее

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы: екі айда 1500 өтінім мақұлданды

by —
14.10.2020, 18:13
in Прочее
Жилье. Optimism.kz

Фото: Pixabay.com

«Шаңырақ» пилоттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленген. Жоба операторы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы).

14.10.2020 ж. бастап, баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан 2017 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда, әкімдіктер кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтініш қабылдаудың үшінші кезеңі басталады. Енді жобаға 2016-2017 жылдар аралығында әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады.  

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде 19 140 өтініш қабылданды, оның 6690 кезекке тұру датасына (1986-2010жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 6 млрд астам теңгеге 470 несиелік өтініш мақұлданды.     

Бағдарламаның екінші кезеңінде 18 770 өтініш қабылданды, оның 14 061 кезекке тұру датасына (2011-2015жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 14 млрд астам теңгеге 1031 несиелік өтініш мақұлданды.     

Екі кезеңді қоса алғанда 37 910 өтініш қабылданып, оның 20 751 кезекке тұру датасына (1986-2015жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 20 млрд 300 млн теңгеге жуық қаражатқа 1500 несиелік өтініш мақұлданды.     

«Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымының қаражатынан 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарланып отыр. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2%), жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына займ мөлшерінің 10 пайызынан кем түспейтін соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін.

Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар).

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін www.hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген: 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында,
220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында, 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда, 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында, басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары соққан үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін тек www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.

Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 14 қазан — 13 қараша аралығында.

Бағдарламаға қатысу үшін жасалатын 6 қадам:

1-қадам:www.hcsbk.kz банк сайтындағы «Қолжетімді тұрғын үй/«Шаңырақ» пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беру;

2-қадам:Банк сайтында өтініш берген күннен бастап 3 күн аралығында банк қызметкерінің қоңырауын күтіп, оған жауап беру. Ол несиелендіру шарттарыны мен  бағдарлама талаптарын жіті түсіндіріп, өтініш тапсыру үшін сізді банк бөлімшесіне жазады; 

3-қадам:Төлем қабілеттілігіңізді бағалау үшін құжаттарыңызды алып, банк бөлімшесіне белгіленген уақытта келу;

4-қадам:Займды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алу;

5-қадам:Банк талаптарына сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй табу (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар), сату-сатып алу немесе үлестік қатысу келісімдерін жасау;

6-қадам:Банктен заем алу!

Заемды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10% кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек.

Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды egov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.

ShareShareSendShareTweet

Бюро рассказало о предстоящей сельхозпереписи на выставке Green Day ‘2025

Карина Магрупова вышла в финал чемпионата мира по артистическому плаванию

«Очень выгодно»: семья, получившая жилье, рассказала о преимуществах программы «Елорда жастары»

Алматы готовит почву для будущего леса: в области планируют создать крупный городской питомник

Будут усилены требования к независимым экспертам, привлекаемым к проведению МСЭ в заочном формате

Теннисист Александр Бублик поборется за выход в полуфинал турнира в Швейцарии

Рекомендуем

Алматы готовит почву для будущего леса: в области планируют создать крупный городской питомник

18.07.2025, 12:04

Будут усилены требования к независимым экспертам, привлекаемым к проведению МСЭ в заочном формате

18.07.2025, 11:57

Теннисист Александр Бублик поборется за выход в полуфинал турнира в Швейцарии

18.07.2025, 11:56

Дорогу за ТРЦ «Сарыарка» закрыли на ремонт в Астане

18.07.2025, 11:51
Загрузить еще
Казахская музыка онлайн Казахская музыка онлайн Казахская музыка онлайн
Новости Казахстана 2020 Оптимизм

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».

Мы там, где удобно:

Категории портала

  • Здоровье
  • Истории Успеха
  • Культура
  • Мнение
  • Таза Қазақстан
  • Общество
  • Спорт
  • Экономика
  • Политика
  • Прочее
  • Важное

Самая последняя новость

Бюро рассказало о предстоящей сельхозпереписи на выставке Green Day ‘2025

18.07.2025, 12:52
Яндекс.Метрика

  • О нас
  • Реклама
  • Правила
  • Контакты

© 2024 Optimism.kz - мониторинг, последние новости Казахстана .

1xbet.kz Акция!!
  • Главная
  • Здоровье
  • Политика
  • Экономика
  • Аналитика
  • Истории успеха
  • Таза Қазақстан
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • Актуально о страховании
  • ESG
  • Добро
  • Регионы >>
    • Астана
    • Алматы
    • Шымкент
    • Акмолинская область
    • Алматинская область
    • Актюбинская область
    • ВКО
    • ЗКО
    • Жамбылская область
    • Карагандинская область
    • Костанайская область
    • Кызылординская область
    • Мангистауская область
    • Павлодарская область
    • Туркестанская область
    • СКО

© 2024 Optimism.kz - мониторинг, последние новости Казахстана .