# 70,7% партияның саяси салада бәсекелестері жоқ

![Nur Otan. Optimism.kz](https://optimism.kz/app/uploads/2020/09/bezymyannyj-2.png)

**Қоғамдық саясат институтының қазан айындағы сауалнама нәтижелеріне сәйкес партияны қолдау деңгейі 76,8% құрайды. Сонымен қатар, 70,7% партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деген пікірде, ал респонденттердің 69,2% елдің одан әрі дамуын тек «Nur Otan» партиясымен байланыстырады.**

Партияны қолдаудың жоғары деңгейі, бұл пандемия кезеңінде халықты қолдау жұмыстарының күшеюінің, кері байланыстың онлайн-арналары мен қоғамдық қабылдаулардың нығаюының, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстарының нәтижесі.

Сондай-ақ, партия рейтингтерінің артуына қоғамда сұранысқа ие бола білген праймеризді өткізу ықпал етті. Праймеризде партия мүшелерінің 82,4% дауыс берді, 10 мыңнан астам кандидат тіркелді, олардың 55% — тен астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті. Қазақстандықтардың 65,3% партиялық сайлау туралы естіген, олардың 62% праймеризді «жақсы тәжірибе» деп санайды.

[![Иллюстрация — 70,7% партияның саяси салада бәсекелестері жоқ](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2020/10/photo_2020-10-19_18-31-35.jpg)](https://optimism.kz/app/uploads/2020/10/photo_2020-10-19_18-31-35.jpg)

---

Опубликовано: 2020-10-19T12:33:46+05:00

Обновлено: 2020-10-19T12:34:18+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/10/19/707-partiyanyn-sayasi-salada-byasekelesteri-zhok/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».