Бүгінгі күнге дейін ауданымызда қауіпті дертті жұқтырған 155 адам тіркелген. Оның 142-сі «СOVID-19» вирусын жұқтырса, 13-і пневмония ауруы бойынша тізімге алынды. Осы күнге дейін барлық ошақтар бақылауға алынып, санитарлық талаптар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шындығын айту керек, коронавирус пневмониясына шалдыққандар саны дәл қазір құбылып тұр. Бірақ шілде-тамыз айына қарағанда көрсеткіштер әлде қайда төмендеген. Еліміздегі жағдай тұрақтала бастағанымен, еуропалық аймақта ауру саны күрт артуда.
Дегенмен соған қарамастан мемлекет басшылары карантин шараларын жеңілдеткеннен кейін жеке кәсіпкерлерге мүмкіндік беру мақсатында «Info Kazakhstan» электронды платформасын енгізді. Қазіргітаңдаауданымыздағы 795 кәсіпкер «Info Kazakhstan» платформасында тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда. Нақты атап өтетін болсақ, 36 нысан әкімдік қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өңірлік кәсіпкерлік палаталары және қоғам өкілдерінен құралған комиссияның тексеруінен кейін жұмысты қайта бастау үшін электронды өтініш жіберді. Оның ішінде 22 нысан арнайы құрылған комиссияның тексеруінен өтіп, жұмысты қайта бастауға рұқсат алды. Ал, 9 нысанға санитарлық талаптарды сақтамағандықтан, жұмыс жасауға рұқсат берілген жоқ. Өкінішке орай 5 нысан өтініште толтырылған деректердің қате болуына байланысты теріс жауап алды. Бүгінде мониторингтік топ мүшелері індеттің таралуын тоқтату мақсатында қызметін қайта жалғалғастырып жатқан нысандарға зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Санитариялық талаптардың қатаң сақталуын тексеріп, карантин режимін бұзу фактілері орын алған жағдайда тиісті шараларды қолдануда. Осы уақытқа дейін аудан бойынша 11 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық факторымен жалпы соммасы 2 000 160 теңгені құрайтын айыппұл салынды. Мәселен, Құлан ауылының орталық базарында орналасқан «Эконом» супермаркетінің иесі, жеке кәсіпкер Г.Хожамкуловаға 194 460, Құлан ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан «Алтын сарай» супермаркетінің иесі, жеке кәсіпкер Н.Таштановқа 319 470 теңге, «Көлбай» автокөлік жуу нысанының жұмысшысы, жеке тұлға Т.Таңатоваға 41 670 теңге, Луговой ауылында орналасқан «Әсел» азық-түлік дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер А.Орынтаеваға 319 470 теңге, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары кезінде санитариялық талаптарды сақтамағандықтан, К.Ақтоқаловқа 319 470 теңге, «Шолпан» мейрамханасының иесі, жеке кәсіпкер А.Женбаеваға 319 470 теңге көлемінде айыппұл салынды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінен карантин талаптарын бұзу бойынша шілде айының 10-30 күндері аралығында 35 құжат келіп түсті. ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 тармағына сәйкес, 2 жеке кәсіпкерге («Ақ босаға»мейрамханасы, «Аружан» азық-түлік дүкені) хаттама толтырылып, 638 940 теңге көлемінде айыппұл және 17 жеке тұлғаға хаттамалар толтырылып, 708 390 теңге айыппұл салынды. 10 материал аудан прокуратураның келісімімен (әкімшілік құқық бұзу құрамының болмауына байланысты) қысқартылды. Ал, 6 материал бойынша тиісті шаралар әлі де атқарылуда. Мониторингтік топ тарапынан дәріханаларға да зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Құлан ауылындағы жеке кәсіпкерлер «Ақпанова», «Айнаш и К», «Өмірзақова», «Абай» ЖШС дәріханаларының жұмысы тексеріліп, жетіспейтін дәрі-дәрмектердің нақты саны анықталды. Аты аталған дәріханалар дәрі-дәрмектердің қорын жасақтау мақсатында Шымкент қаласында орналасқан «Зерде» компаниясына тапсырыс бергені белгілі болды. Карантин шараларын жеңілдегенімен, біз коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайын болуымыз қажет. Сақтық шараларын ұмытпай, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланатын жерлерге себепсіз бармағанымыз абзал. Әрқайсымызға бетперде кию міндетті. Бір сөзбен айтқанда өзіңіздің және жақындарыңыздың саулығын сақтауыңызды сұранамыз!