Осы жылы ҚКП бастамасымен орын алған жиналыс-жиындардың басым көпшілігі қоғамдық сұрақтарға баса көңіл аударды.
Атап айтқанда, «Үркер», «Көктал», «Ильинка» тұрғын үйлері туралы мәселелер қаралды. Сонымен бірге, халықты жұмыспен қамту мәселесі көтеріліп, келесі екі жылға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарлама жайында мәселе кең тұрғыда талқыланды және де Нұр-Сұлтан қаласындағы көлеңкелі экономика мәселелері, оны бақылау шаралары бөлек қаралды.
Тағы да бір айта кететін жайт, партия мүшелері орта мектеп оқушыларын компьютерлермен қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрігерлерге үстемақы төлеу мәселелерін шешті. Бір жыл ішінде ҚКП мен МҚК 20 отырыс өткізіп, 38 мәселені қарады, оның 17-сі оң шешімін тапқан болатын.
Енді осы жақында ғана орын алған ҚКП отырысына тоқталар болсақ, отырыстың басты мақсаты қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек тапшылығының салдары болды. Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары шақырылып, қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу туралы шешім қабылданды.