---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2020/12/02/nyrly-zher-elordada-pyater-kiltterin-106-otbasy-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Нұрлы жер» елордада: пәтер кілттерін 106 отбасы алды

![«Нұрлы жер» елордада: пәтер кілттерін 106 отбасы алды](https://optimism.kz/app/uploads/2020/12/img-20201201-wa0068.jpg)

**Тұңғыш Президент күні Нұр-Сұлтан қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік коммуналдық құрылыс бағдарламасы және Қазақстан ипотекалық компаниясы мен Елорда әкімдігі арасында қол қойылған келісім аясында жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Алтай Көлгінов және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Мұхамеджанов қатысты.**

106 бір бөлмелі пәтерден тұратын жаңа он екі қабатты үй Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай, Сарыбұлақ өзенінің бойында, Ш.Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан. Барлық пәтерлер кезекте тұрғандарға таза әрленген және қоныстануға дайын күйінде беріледі. Жалға алу құны 1 шаршы метр үшін айына 1455 теңгені құрайды. Пәтер алғандардың арасында дәрігерлер, медбикелер, ғылыми қызметкерлер, зертханашылар, оқытушылар, тәрбиешілер, әлеуметтік қызметкерлер, полиция және ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қ. ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ құтқарушылары мен қызметкерлері бар.

[![Иллюстрация — «Нұрлы жер» елордада: пәтер кілттерін 106 отбасы алды](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2020/12/img-20201201-wa0067.jpg)](https://optimism.kz/app/uploads/2020/12/img-20201201-wa0067.jpg)

**Әділ Мұхамеджанов, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы***:*«*ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын іске асырудың арқасында еліміздің көптеген азаматтары жеңілдікті шарттармен тұрғын үй алуда. Осы жылдың жазында біздің компания мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі арасында денсаулық сақтау, білім беру қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ полиция және ТЖД қызметкерлері қатарынан ЖАО-да кезекте тұрғандарға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үй беру туралы келісімге қол қойылды. Осы әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыруға біз көпжылдық тәжірибемізді ескере отырып кірістік. Бүгін біз өте маңызды, әсіресе осындай қиын уақытта, кәсіп өкілдеріне кілттерін табыстаймыз».***

> Берілетін пәтерлердің ауданы 37-ден 53 шаршы метрге дейін құрайды. Жалдау мерзімі - 20 жыл. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін пәтерлер тұрғындардың меншігіне өтеді. Мерзімінен бұрын өтеуге мараторий жоқ, жалға алушылар тұрғын үйді қалдық құны бойынша кез келген уақытта сатып ала алады. «*Тұңғыш Президент күні қала тұрғындарының тағы бір бөлігі өз пәтерлерінде қоныс тойын тойлайды. Бүгін мұғалімдер, медицина қызметкерлері, ТЖД, ЖП қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері баспаналарына кірді. Аталған пәтерлер Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірге, жылдар бойы баспананы күтіп, кезекте тұрған тұлғаларға сатылды. Осы бағдарлама бойынша мыңға жуық пәтер жоспарланған. 350-ден астамы таратылды, бүгін 100-ден астам отбасы баспаналарына кірді*», - деді **елорда әкімі Алтай Көлгінов**.    

---

Опубликовано: 2020-12-02T06:11:58+05:00

Обновлено: 2024-06-14T16:55:42+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/), [Таза Қазақстан](https://optimism.kz/category/taza-kazahstan/)

Метки: [Нур-Султан](https://optimism.kz/tag/nur-sultan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2020/12/02/nyrly-zher-elordada-pyater-kiltterin-106-otbasy-aldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».