Қазақстанның қаржы нарығында ақша табудың жаңа платформасы пайда болды. Енді кәмелетке толған Қазақстанның әрбір азаматы тікелей телефонмен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болды. Тілшіміз қашықтықтан жұмыс жасаудың қыр-сырын біліп, бөлісті.
Жақында App Store мен Play Market қосымшалар дүкенінде пайда болған Nomad Agent қосымшасы онлайн ресми түрде сақтандыру агенті болып жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Пайдаланушы автокөлікті, пәтерді, дәрі-дәрмекті және т.б. сақтандыру бойынша сату пайызынан таза табыс алады.
«Номадагенттердің» қарапайым сақтандырушылардан айырмашылығы – кеңсеге келіп, келісімшарттарды басып шығарудың, мөртаңбаны қоюдың, есеп жүргізудің және т.с.с. күнделікті артық жұмыстарды жасаудың қажеті. Барлық жұмыс қосымшаға енгізілген калькуляторлардың көмегімен орындалады. Сату санына ешқандай шектеу. «Номадагент» күніне 100 полис сатуын немесе айына бір-екі жұбын ғана сатуын өзі шешеді.
Қолданбаны жүктеп алған пайдаланушылар арасында жүргізілген сауалнама бойынша, көпшілігі әуелі өз жақындарынан бастайды. Nomad Agent қолданушылары туыстарына, достарына, таныстарына полис дайындап, сатылымнан түскен пайызын толық алады. Барлық қаржылық процесс ашық әрі айқын: сақтандыруды сатсаңыз, ақшаңызды аласыз.
Қосымша елдің барлық азаматтарына қол жетімді. Nomad Agent қосалқы жұмыс іздеп жүргендер мен жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды әлеуметтік міндеті деп біледі.
«Бір кездері мен өзім де қаржылық қиындықтарды басымнан кешірдім, сондықтан әуелгі мақсатым барлығына да қаржылық жағдайын өзгертуге мүмкіндік беру», – деді «Номад Иншуранс» ірі сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы және платформаның негізін қалаушы Дәурен Иманжанов.
Сонымен қатар, басқарма төрағасы елдегі сақтандыру жүйесін реттеп, дамытуды алға қойғанын қоса айтты. Nomad Agent Қазақстанда тұралап қалған сақтандыру нарығын цифрландырып, жүйені толық реформалап, жаңашылдық енгізе алады деген ойда Дәурен Иманжанов.