Қазақстанда жастарды экокәсіпкерлікпен айналысуды үйрететін EcoBusinessLab жобасы іске қосылды.
Экология тақырыбы өзегі өшпес тақырыптардың бірі. Бүгінгі таңда экологиялық тазалық жаһандық трендке айналды. Бұл да жақсы. Өйткені, экология мәселесі кең тараған сайын адамдар табиғатқа басқаша қарай бастады. Мәселен, қазір «жасыл экономика», «экокәсіпкерлік», «жасыл бизнес» және т.б. терминдерді естуге болады және барлығын байланыстырып тұрған – экологияны қорғау мәселесі.
Мәселен, Швецияның ең ірі H&M компаниясы екі жылдан астам уақыт органикалық мақта мен қайта өңделген киімдерді сатумен айналысып жүр және бұл бастамасы ғана деді. Mercedes электромобильдер жасайды, «Шеврон» көміртегі ізін азайту жобаларын қаржыландырады, IKEA мұхиттан жиналған қайта өңделген пластикті пайдаланады.
Осылардың аясында қазір дүкендерден «эко» және «био» жалғаулары бар көптеген тауарларды байқаймыз. Ал Нью-Йорк университетінде зерттеу жүргізіліп, жасыл өнімдердің екі, кейде үш есеге жақсырақ сатылатыны дәлелденген болатын.
Бұл үрдіс Қазақстанға да ұзақ жетті. Дегенмен, соңғы жылдары елімізде «жасыл» экономика туралы көбірек ойлана бастады. Жақында бас серіктес – «Шеврон» компаниясының қолдауымен инновациялық EcoBusinessLab-зертханасы жақын арада іске қосылатыны белгілі болды. Optimism.kz тілшісі EcoBusinessLab жобасының авторы Захира Бегалиеваға хабарласып, жобамен танысты.
Жоба жайлы
EcoBusinessLab жобасы «Шеврон» компаниясының қолдауымен құзыретті дамыту орталығының ITeachMe қоры ұйымдастырылуда. EcoBusinessLab деген – инновациялық зертхана, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдарды әлеуметтік қолдау моделі, ол қысқа мерзімде инновациялық тәсілмен эко-кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін бастама.
— Захира, осы жобаны құруға не түрткі болды? Не шабыт берді?
— Қазіргі таңда жаһандық еңбек нарығында қажетті мамандықтардың бағыты ауысуда. Елімізде «жасыл» экономиканы дамытудың драйверіне айналатын экологиялық кәсіпкерлік саласындағы бағыт, эко-стартап жобаларды ілгерілету бірте-бірте дами бастады. Технологияның дамуымен бірге «жасыл» экономикаға баса назар аудара отырып, кәсіпкерліктің жаңа бағыттарына сұраныс артты. Еңбек нарығында бұл салада мамандар тапшы, ал алдағы бірнеше жылда экологиялық кәсіпкерлікте эко-мамандарға сұраныс артады. Қазіргі жоғары білім еңбек нарығындағы өзгерістердің соңынан ілесе алмай отыр. Мәселен, экологиялық кәсіпкерлік саласында мамандар дайындайтын университеттер жоқ. Осыған байланысты азаматтар бұл саланы ақылы негізде қымбат бағамен меңгеруге мәжбүр, ал жастардың жаңа технологияларды пайдалана отырып, мұндай қымбат оқу және қайта даярлау бағдарламаларынан өтуге қаржылық мүмкіндіктері жоқ.
Пандемиядан кейін жастарды жаңа қоғамға сіңісуге көмектесіп, жаңа талабы бар құзіреттерді дамыту мақсатында инновациялық EcoBusinessLab зертханасын құру туралы шешімге итермеледі. Айта кетелік, өмірге қарбаласында жастар «жасыл» экономика мен оған тигізілген зиянның арты не болатынын мүлде ойламайды. Бұл дихотомияға және еңбек нарығында жастарғе деген сұраныстың төмендеуіне алып келуі мүмкін.
— Кімдерді оқуға қатыса алады? Іріктеу талаптары қандай? Оқудың мерзімі қанша?
-Жастар (20-40 жас) үшін, пилоттық модель іске қосылады. Байқау бірнеше кезеңнен тұрады: онлайн өтініш, ынталандыру хаты, тестілеу және сұхбат. Жобаға қатысудың ең басты талаптары қарым-қатынастық дағдылар, оқуға деген ынта мен мақсатына жету құлшынысы.
Қазіргі іріктеу кезеңі аяқталды, кәсіпкерлікті дамытуда экологияның сақталуына бей-жай қарамайтын жастар Нұр-Сұлтан қаласында бас қосып, soft skills, экоskills және кәсіпкерлік дағдылары бойынша қарқынды оқудан өтеді, содан кейін Экология және стартап дағдылары бойынша екі апталық онлайн курсы басталады.
Жобаның келесі кезеңінде екі айлық бақылау курсы болады, онда әрбір командаға трекер тағайындалады, ол өз жобасы бойынша кеңес береді және олардың жобасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
—Экоskills түсінігіне не жатады?
-Қазіргі заманда жастарды экологиялық тәрбиеге баулу маңызды мәселелердің бірі және бұл қоршаған ортаның жалпы жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жастардың экология туралы білімдерін, жалпы мінез-құлқын, мәдениетін қалыптастырумен байланысты.
Ecoskills – бұл әрбір адамды табиғат пен экологияға жауапкершілікпен қарауға, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға және экологияны ескере отырып жобаларын бейімдеуге мүмкіндік беретін практикалық дағдылар.
Біздің жоба жастардың дайын білімді қолдану қабілетін дамытуға, бұрыннан келе жатқан жобаларды жүзеге асыруға және болашақ стартаптарды дамытуға үйретеді.
— Қатысушылар не үйрене алады?
-Оқытудағы ең бірінші және өте маңызды нәрсе – эко-стартаптарды құру, жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру арқылы экокәсіпкерлікті насихаттау. Нәтижесінде тұрақты бизнестердің экологиялық жағдайға деген төзімділігі артып, оқуға қатысушылар мен отбасыларының экономикалық жағдайлары жақсаруы мүмкін.
Екіншіден, экологиялық сауаттылықты арттыру. Әрбір адам экологиялық дағдыларды ескеріп және қолдана отырып, кәсіпкерліктің дамуына әсер ете алады және сол арқылы өз жұмысының нәтижелерін көрсетіп, ұйымға жаңа мүшелерді тартуға септігін тигізе алады.
—Курс аяғында қатысушыларға не беріледі?
-Экологиялық кәсіпкерлік саласындағы EcoBusinessLab инновациялық жобасын жүзеге асыру жастарға қаржылық тәуелсіздікке жетікзетін және әлеуметтік шиеленісті төмендететін стартап жобаларын жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ «жасылдардың» дамуына оң серпін береді. Сонымен қатар, кәсіби дамудың жаңа векторында заманауи оқыту арқылы қатысушылар EcoBusinessLab зертханасында бизнес-идеясын басынан бастап, алғашқы прототипіне дейін сынауға мүмкіндікке ие болады.
—Сіздерге біреу қолдау көрсетеді ме?
-«Шеврон» компаниясы жобаны іске асырудағы бас серіктесі және бұл компания өкілдері жастар арасында экологиялық білім мен экологиялық дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әлбетте, адамзаттың болашағы – әрбір адамның экологиялық мәселелерді шешуге деген қосатын үлесіне байланысты және біз «Шеврон» компаниясының біздің жобамызды қолдағаны үшін, мақтан тұтамыз, онымен қоса экологиялық тазалыққа аса мән беретін және қоршаған ортаны қорғауға ат салысатын, оның зардабының артын түсінетін кәсіпкерлерді тәрбиелейтіні сөзсіз.
Қорытынды
Экокәсіпкерлік – бұл жаңа ұғым, ол елдегі экологиялық жағдайды әжептәуір өзгертуге, қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсартуға мүмкіндік беретін экология саласы жағынан бизнесті дамытуға бағытталған кәсіптің жаңа түрі. Бірақ кез келген ауқымды іс адамның өзінен басталатынын ұмытпайық.