Жетістікке адымдап

Осы біз тұрақтылық туралы қаншалықты жиі ойлаймыз? Ой жүгіртіп көрсек, біз өзі тұрақтылыққа ұмтыламыз ба? Біздің әлемде көптеген адамдар тұрақтылыққа қол жеткізгісі келеді. Бірақ неге? Себебі көбісі мұны табыстың, сенімділіктің және үйлесімділіктің синонимі деп ойлайды.

Біз бұл пікірмен келісеміз. Өйткені, әдетте әрқайсысымыз өз ісімізде тұрақтылыққа ұмтыламыз. Назар аударсаңыз, біз қазір тұрақтылық жайлы жалпылама баяндап отырмыз. Ал, негізі тұрақтылық әр адамның танымында түрлі сипатқа ие.

Бірақ біз тұрақтылық туралы сөзді жайдан жай қозғаған жоқпыз. Міне, бірнеше жылдар бойы өзгелерге түгілі, өзімізге де әсер етіп келе жатқан жобаға таң қалып келеміз. Ол әр адамның бойына шабыт ұялатып, адамдарды сенімділікке баулап, ішкі құндылықтарын ашады. Біз ITeachMe туралы айтып отырмыз. Біз олардың да өз тұрақтылығын тапқанына өте қуаныштымыз және биылғы жылы біз тағы бір маусымды күтіп отырмыз.

Сәуір айында «ITeachMe» жастарға арналған инклюзивті лагерінің алтыншы маусымы басталады және Құзыреттілікті дамыту орталығының ITeachMe қоғамдық қоры «Шеврон» серіктестігімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Optimism.kz тілшісі биылғы жылы қандай мақсаттар тұрғанын және қатысушыларды не күтетінін білу үшін, қор директоры және жоба авторы Захира Бегалиевамен кездесті.

— Захира, өткен маусымның қорытындысын туралы айтсаңыз?

— 2019 жылы ITeachMe шағын пилоттық жобасын іске қосқан кезде, біздің басты мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі жастарға олардың барлық қасиеттерін қабылдауға көмектесіп, олардың қаржылық жағынан бақуатты өмірге лайық екендігіне сенім ұялату еді, бірақ бұл үшін олар үнемі даму керек.

Біздің міндетіміз – әрбір студентіміздің өз ерекшелігіне сеніп, жүзеге асыруына, заманауи дағдыларды меңгеруіне және бірінші санатты маман болуына немесе өз ісін ашуға, фрилансерлікпен айналысуға мүмкіндік беру болғантын. Ең бастысы, ол өзін қабылдап, өмірін өзгерткісі келсе болғаны. Біз мұны жасадық. Бірінші пилоттық жобада біз бар болғаны 17 адамды қамти алдық, бірақ біз үшін бұл үлкен нәтиже еді, өйткені біз студенттеріміздің еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа есіктерін өздері де айқара аша алатынын көндіруіміз керектін.

Үш жыл зымырап өтті, ал 2021 жылдың соңында біз ITeachMe жобасының бесінші маусымын аяқтадық. Сонымен қатар, оқытумен қамтылған жастардың саны 116 адамға жетті. Бұл біз үшін шын мәнінде жариялауға тұрарлық нәтиже.

Әрине, барлық студенттер жобаның соңына дейін жете бермейтінін тағы айтқан жөн. Көбіне батылдық пен табандылық жетіспейді, олар тек туыстары мен мемлекеттің көмегіне сүйеніп, өздерінің ыңғайлы ортасында отыра бермек. Бірақ финалға шыққан және жобаларын қорғаған бесінші маусымның 65 адамы қорқынышын, тіпті жалқаулығын жеңуге күш тапқан жеңімпаздар туралы мақтанышпен айта аламыз.

ITeachMe 5.0 финалынан кейін он бір түлек бірден компаниялардан алғашқы коммерциялық тапсырыстарын алды, ал кейбіреулері тіпті жұмыс орнына орналасты. Мысалы, аутстаффинг шарты бойынша «БанкЦентрКредит» АҚ төрт түлекті өз кәсіпорнына жұмысқа орналастырып, студенттер алғашқы кәсіби тәжірибесін алу мүмкіндігіне ие болды. Әлі де сонда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтап, қаржылық тұрақтылыққа ие.

Бесінші маусым аяқталғаннан бері небәрі 3 айдың ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің еңбекақы қоры 3 000 000-нан астам теңгені құраған болатын. Бірақ біз жеткен жетістіктермен шектелмедік.

— Осы маусымдарда не тұрақты болып қалмақ?

— ITeachMe маусымында көп нәрсе өзгерді — біз дамып жатырмыз, бейне оқулықтарымызды жетілдірудеміз, курстарды жаңартып жатырмыз, жаңа достар мен серіктестерді тауып отырмыз, бүгінде олардың саны 100-ден асады, бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қала бермек — біздің генерал серіктес, Chevron компаниясы. Үш жыл бұрын олар біздің жобамызға сеніп, оны жүзеге асыруға көмегін тигізді. Біз күн сайын нәтижелерімізбен және түлектеріміздің нәтижелерімен барлық іс-әрекеттеріміздің қоғамда үлкен маңызы бар екенін дәлелдеп келеміз.

Жобаның бүкіл кезеңінде «Шеврон» өкілдерімен қарым-қатынастар жай ғана серіктестік емес, достық қарым-қатынасқа айналды, өйткені олар жобаны қаржылай қолдап қана қоймай, оның іс-шараларына белсенді қатысып, жаңа серіктестер табуға көмектесті. және ақпаратты таратуға көмектесу. Және бұл ынтымақтастық жобаның керемет табысына әкелді.

– Жақында жобаның алтыншы маусымы басталмақ, ол туралы не дейсіз?

— Бүгінгі таңда ITeachMe жобасының қажеттілігі жоғары деңгейде және келесі маусым қашан басталады деген сұрақтар мен хаттамалар келген сайын біз жеделдетіп, кеңеюге тырысамыз. Сәуірде ITeachMe жобасының алтыншы маусымы басталады, онда біз тағы 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамтуды жоспарлап отырмыз. Бірақ, айтпақшы, біз жастардың бұл санатына мән бермеуге тырысамыз.

Өйткені, жобамызда мүмкіндігі шектеулі жастарды ғана оқытатын болсақ, инклюзия туралы тек кітаптан оқып, фильмдерден көруші едік. Біздің Қорымыздың жобалары, соның ішінде ITeachMe, барлық азаматтарға мейірімді. Ал кез келген сау студенттің өмірінде нақты қажеттіліктерін байқасақ, онда оны да шәкірттеріміздің қатарына қабылдауға қуаныштымыз.

Офлайн іріктеу турлары Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қалада өтеді. Бірақ егер біреудің офлайн қатысуға мүмкіндігі болмаса, онлайн түрде өтініш беріп, іріктеудің барлық сатыларынан өтіп, студенттеріміздің қатарын толықтыруға мүмкіндік бар. Бірегей мүмкіндігіңізді жіберіп алмау үшін @iteachme.kz әлеуметтік желілерде жаңалықтарымызды бақылап отыруыңыз қажет.

Осы маусымда қандай жаңалықтар күтілуде?

— ITeachMe жобасы әрқашан өзін цифрлық сала жобасы ретінде көрсетіп келе жатыр, бірақ біз әрқашан мақсатты аудиториямыздың мүдделерін естіп, ескеруге тырысамыз. Ал енді, алтыншы маусымда, SMM, мotion design, графикалық дизайн, UI/UX дизайны және мобилография сияқты цифрлық салалардан басқа, біздің қатысушыларымызға керемет ағылшын тілі курсы ұсынылмақ.

Студент қандай курсты таңдаса да, таңдалған кәсіптік саланы оқыту кезінде мұғалімдерімізде технологиямен, бағдарламаларды орнатумен және оқуды біршама қиындататын өзге де мәселелерде қиындықтар болмауы үшін, негізгі компьютерлік дағдылар курсын өтуді міндетті қылдық.

Және, әрине, әдеттегідей, біздің курстарымыз есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар өздерін тең сезінетіндей сурдоаудармаға бейімделуде.

– Жақында Қазақстанда карантин шаралары алынғандай болды. Бұл жобаға қалай әсер етеді?

— Жоба уақыт бойы табыстылығын көрсетеді: бенефициарлардың саны артып келеді. Осы жылдары елімізде орын алған келеңсіз оқиғаларға қарамастан, қызметімізді жалғастыра алдық. Толық изоляция сынды ең қиын кезеңдерінде де біз жобаларды жүзеге асыруды жалғастырдық, бірақ кейбір өзгерістер енгіздік. Мысалы, ITeachMe үшінші маусымын толығымен онлайн өткізуге тура келді – іріктеу турлары мен soft skills лагері, бірақ бұл да біз үшін жаңа тәжірибе. Біз үшінші маусымды сәтті аяқтадық, алайда оған қарамастан, бұл ахуал бізге «тірі байланыстың» маңыздылығын көрсетті.

Өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі адамдар өз уақытының көп бөлігін әртүрлі себептермен қоғамнан оқшаулауда өткізеді: қолжетімсіз орта, әлеуметтенудің төмен деңгейі, қоғамның «ерекше» азаматтарды өз қатарына толық қабылдауға дайын еместігі. Сондықтан, бүгінде карантиндік шаралар толығымен дерлік алынып тасталған кезде, оффлайн іс-шаралар, атап айтқанда, біздің оқу бағдарламамызда міндетті болып табылатын soft skills лагері мүмкіндігі шектеулі жастар мен дені сау жастарды жайлы ортада араласуға, бірге білім алуға, дамып, тіпті оң бәсекелестікке де баулағымыз келеді.

– Оқырмандарымызға тілегіңіз бар ма?

– Мен әрқашан және барлық сұхбатымда айтамын: қорықпаңыз! Ақымақ болып көрінуден қорықпаңыз, жайлы өмірдің «қабығын» жоюдан қорықпаңыз, өйткені өміріңізді өзгертуге бір қадам жасамасаңыз, онда бәрі де сіз тұрған деңгейде қалады. Жабықпаңыз, физикалық ерекшеліктеріңізге назар аудармаңыз және өзіңіздің көп нәрсеге қабілетті екеніңізге сеніңіз, сіз өз өміріңіздің архитекторысыз!

Біз ITeachMe командасымен бірге оң өзгерістер жолында сізді қолдауға әрқашан қуаныштымыз және бірге жарқын, қызықты инклюзивті қоғамымыз бен өмірімізді құрамыз.

Exit mobile version