“Бақытты отбасы” орталығы осы жылдын басынан бастап, шеткі Медеу ауданына қарасты ықшам аудандарға барып, жағдайы осал топтағы отбасыларды анықтаған болатын.
Осы отбасыларды орталықтың жұмысымен таныстыру мақсатында, С.Нұрмағамьетова 412 мекен-жайы бойынша орналасқан орталығымызға шақырып, “Отан-отбасынан басталады” атты ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара Рамазан айы барысында болғандықтан, “Аманат” партиясы қолдауымен “ASD woman’s club” демеуші болуға ниет танытқан.
Бұл “ASD woman’s club” әйелдер клубымен бірлесіп атқарып жатқан 3-інші іс-шарамыз.
Бірінші, 10 анаға азық-түлік себеті сыйланып, Сымбат Аралбаеваның кітапшасының презентациясы өткізілген.

Екінші, қызмет алушы 10 ананың толықтай стильін өзгерту.
Үшінші, осы іс-шарамыз 40 анаға (отбасына) азық-түлік қораптарымен көмек көрсетті.
Сондай-ақ, орталығымыздағы тегін курстармен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, көптеген аналар жазылды.
Аналарымызбен танымдық жұмыстары, “Қазақстан ата-аналар бірлестігінің” Алматы қаласы бойынша жетекшісі -Балтабаева Бағиламен тренинг-лекция, “Красный полумесяц Казахстана” ұйымымен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тсіндірме жұмыстары болды.
Іс-шара аясында, тек қайырымдылық жұмыстары ғана емес, сондай-ақ, күнделікті өмірде пайдасын беретін салалар бойынша танымдық іс-шаралар қамтылды.

Медеу ауданының «Бақытты отбасы» орталығы 2019 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істеп келе жатқан көп балалы аналардың әлеуметтік орталығы. Орталық көпбалалы, аз қамтылған, толық емес және мүмкүндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға қызмет көрсетеді. Аналарға атаулы әлеуметтік көмекке тәуелді болмай, әйелдердің дамуына арналған тегін курстар мен бизнес бастау үшін грант ұтып алу мүмкіндігін ұсынады.