---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2022/04/22/otan-otbasynan-bastalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Отан –отбасынан басталады

![Отан –отбасынан басталады](https://optimism.kz/app/uploads/2022/04/2-1.jpg)

**“Бақытты отбасы” орталығы осы жылдын басынан бастап, шеткі Медеу ауданына қарасты ықшам аудандарға барып, жағдайы осал топтағы отбасыларды анықтаған болатын.**

Осы отбасыларды орталықтың жұмысымен таныстыру мақсатында, С.Нұрмағамьетова 412 мекен-жайы бойынша орналасқан орталығымызға шақырып, “Отан-отбасынан басталады” атты ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді. 

Іс-шара Рамазан айы барысында болғандықтан, “Аманат” партиясы қолдауымен “ASD woman’s club” демеуші болуға ниет танытқан.

Бұл “ASD woman’s club” әйелдер клубымен бірлесіп атқарып жатқан 3-інші іс-шарамыз.

Бірінші, 10 анаға азық-түлік себеті сыйланып, Сымбат Аралбаеваның кітапшасының презентациясы өткізілген.

[![Иллюстрация — Отан –отбасынан басталады](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2022/04/3-1-1024x768.jpg)](https://optimism.kz/app/uploads/2022/04/3-1.jpg)

Екінші, қызмет алушы 10 ананың толықтай стильін өзгерту.

Үшінші, осы іс-шарамыз 40 анаға (отбасына) азық-түлік қораптарымен көмек көрсетті.

Сондай-ақ, орталығымыздағы тегін курстармен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, көптеген аналар жазылды.

Аналарымызбен танымдық жұмыстары, “Қазақстан ата-аналар бірлестігінің” Алматы қаласы бойынша жетекшісі -Балтабаева Бағиламен тренинг-лекция, “Красный полумесяц Казахстана” ұйымымен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тсіндірме жұмыстары болды.

Іс-шара аясында, тек қайырымдылық жұмыстары ғана емес, сондай-ақ, күнделікті өмірде пайдасын беретін салалар бойынша танымдық іс-шаралар қамтылды.

[![Иллюстрация — Отан –отбасынан басталады](https://optimism.kz/wp-content/uploads/2022/04/1-1-1024x768.jpg)](https://optimism.kz/app/uploads/2022/04/1-1.jpg)

*Медеу ауданының «Бақытты отбасы» орталығы 2019 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істеп келе жатқан көп балалы аналардың әлеуметтік орталығы. Орталық көпбалалы, аз қамтылған, толық емес және мүмкүндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға қызмет көрсетеді. Аналарға атаулы әлеуметтік көмекке тәуелді болмай, әйелдердің дамуына арналған тегін курстар мен бизнес бастау үшін грант ұтып алу мүмкіндігін ұсынады.*

---

Опубликовано: 2022-04-22T11:59:50+05:00

Обновлено: 2022-04-22T11:59:58+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2022/04/22/otan-otbasynan-bastalady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».