Таза табиғат бағытында

Бірде Алматыға келген екі шетелдіктің әңгімесін абайсызда естіп қалдым. Олар кофе алдында ағылшынша сөйлесіп отырды. Кенет бірі: «Алматы – тамаша қала, бірақ бұл жердің экологиясы нашар екені өкінішті», – деді. Екіншісі келіскендей бас изеді. Ал мен ойланып қалдым.

Бірінші шетелдіктің сөзінің жаны бар. Экология мәселесі еліміз жайлы шетелдіктердің пікірін бұзады, біздің өмірімізді нашарлатады және балаларымыздың денсаулығына нашар әсер етеді. Демек, бұл мәселені ұзаққа созбай шешу керек. Ал кейінге қалдырсақ, өскелең ұрпақ зардап шегуі мүмкін.

Сондықтан біз мамандардан бұл мәселені қалай шешіп жатқанын сұрастырғанды жөн көрдік. Optimism.kz тілшісі Әлеуметтік-экологиялық Қордың (СЭҚ) Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Вадим Нимен сұхбаттасты. Жақында Қор «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып Орталық Азияның Еуразиялық Қоры әзірлеген «Qolda» жобасы бойынша грант ұтып алды.

СЭҚ жайлы

Қор 2007 жылы құрылған. Оны ядролық қаруға қарсы науқанның үш компаниясы құрды және бірі беделді экологиялық марапатқа ие болған.

Ұйым жұмысының негізгі бағыты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау. Қор адамдарды, әсіресе, жастарды экология саласымен таныстырумен айналысады. Сонымен қатар, СЭҚ климаттың өзгеруі, баламалы энергия көздерімен жұмыс істейді. Оған қоса, арнайы қорғалатын ерекше табиғи аумақтарға байланысты жұмыстар да жалғасуда.

«СЭҚ қоғамның хабардарлығын, сараптамалық қабілетін арттыру үшін азаматтық қоғам ұйымдарының үздік өңірлік және жаһандық тәжірибелерін сіңіріп, мүдделі тараптар арасындағы диалогты, сондай-ақ Қазақстандағы экологиялық көшбасшылықты дамытуға ықпал етеді», — деп өз мақсаттарымен бөлісті Қор.

Алматы экологиясында бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселелер

Вадим Нидің айтуынша, оңтүстік астананың басты мәселесі – лас ауа. Бұл мәселе шешімінің бір жолы – жылу электр орталығын газға көшіру.

«Біз жастарға түсіндіруге тырысудамыз. Бізде балаларға арналған ауаның ластануы туралы мультсериал бар. Соған орай Қор тіпті Смогликтер деген кейіпкерлерді ойлап тапты. Олар лас ауа мәселесі және ластануды қалай азайтуға болатынын баяндайды. Біз болашақ үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді сарапшы.

Онымен қоса қоғамдық көліктердің газдан электр қуатына көшуі ластануды азайтуға айтарлықтай әсер ететінін, керісінше, егер адамдар экологиялық таза көлікті белсенді пайдалана бастаса. Мысалы, скутерлер немесе велосипедтер делік, ауаның тазаруы жылдамырақ болатынын мәлімдеді.

«Алматы сияқты кез келген үлкен қаланың екінші мәселесі – қалдықтар. Дәлірек айтқанда, олардың саны. Біздің мәліметімізше, мегаполистің бір тұрғыны күніне орта есеппен бір келі қоқыс шығарады, оның ішінде кішкентай балалар да бар», – деп сұхбатында Вадим.

Вадимнің пікірінше, қазіргі қоғамда бұл күрделі мәселе. Қалдықтар тым көбейіп кеткенде оларды бір жерге тастау керек. Ал қалдықтардың басым бөлігі шірімейтін материалдардан жасалған. Бірақ қазір қоғам арасында жақсы белсенділік бар – әртүрлі деңгейдегі қоқыстарды өңдеу және сұрыптаумен айналысатын көптеген топтар құрылуда.

«Ал, үшінші мәселе – Алматы маңындағы табиғи аумақтарды өз қалпында сақтау. Бұл мәселеге ерекше зергелікпен келу керек және дұрыс дамыту қажет. Мысалы, экологиялық қонақүйлер салуға болады, сондай-ақ адамдарға табиғи жағдайда өзін қалай экологияны бұзбай айналасын таза ұстау керектігін көрсетуге болады. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Туристер мен Алматы тауларына келетін қонақтар үшін жадынама дайындап жатырмыз. Біз сізге табиғатта өзін қалай ұстау керектігін айтамыз», – деп баса айтты Ни мырза.

Qolda 4.0 жобасы аясындағы жұмыс

Қордың негізгі ойы – Қазақстанның ұлттық саябақтарында туризмді дамытудың экологиялық тәсілін реттеу немесе енгізу. Ұйым Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

«Біз Министрлікпен туроператорлардың мәселесін пысықтағымыз келеді. Жұмыс тобымен бірлесе отырып, ұлттық саябақтарда жұмыс істейтін туроператорларға табиғатты сақтау бойынша белгілі бір міндеттер жүктелуі үшін мәселені шешудеміз. Сондай-ақ олар өз жұмысында қоршаған ортаға үнемі көңіл бөледі», – деп бөлісті бізбен Вадим Ни.

Сондай-ақ қор жақын арада Алматыдағы ұйымдастырылмаған туризмнің ережелерін әзірлемек. Қаланың жанында таулар барын айтты Вадим. Сондықтан кез келген адам жаяу серуендей алады. Бірақ турист не істеуге болатынын және не істеуге болмайтынын білуі міндет. Сол себепті ұйым табиғатта немесе ұлттық саябақтар аумағында өзін ұстау этикеті жазылған ескертпе тақташаларды орнатпақ.

Жоспарлар

«Жоспарларымыз көп. Біз арнайы қорғалатын табиғи аумақтардағы қызметімізді кеңейтуді көздеп отырмыз. Біз де Орталық Азия елдерінде, мысалы Өзбекстанда көбірек жұмыс жасағымыз келеді. Қорытындылай келе, Алматыдағы азаматтық белсенділік Қазақстанның басқа қалаларында да белсенді түрде қолдау табады деп үміттенетінімізді айтқым келеді. Біз бұған үлес қосамыз», – деп түйіндеді Вадим Ни.

Exit mobile version