Алматы облысы Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасында тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрі көбейді. Бүгінгі күні үлкен ауруханаларда жасалатын күрделі оталар Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханада профессор, медицина ғылымының докторы, аурухананың бас дәрігері Малгаждаров Маулен Сансызбайұлының тікелей қатысуымен жасалады. Маулен Сансызбайұлы асқазандағы ракты жаңа әдіспен емдеуді қолға алған. Ауруханада гастрэктомия және субтотальды мастэктомия әдісін қолдана отырып 7 пациентке ота жасалды.
— Асқазандағы ракты гастрэктомия әдісімен емдеуді қолға ала бастадық. Гастрэктомия-бұл асқазан қатерлі ісігін емдеу кезінде жасалатын ота түрі. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындары мұндай операцияны жасату үшін Алматы қаласына баратын. Сонымен қатар асқазанға жасалатын субтотальды мастэктомия әдісін де қолға алдық. Субтотальды мастэктомия асқазанның зардап шеккен бөлігін, іргелес лимфа түйіндерін және ісіктің жанында орналасқан басқа мүшелердің бөліктерін алып тастауды қамтиды. Күн сайын ауруханада көрсетілетін медициналық қызмет спектрі кеңеюде. Осыған байланысты халыққа көрсетілетін қызмет түрі қолжетімді әрі сапалы болуы керек, — дейді аурухана директоры Маулен Сансызбайұлы.
Естеріңізге сала кетсек, Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханада күрделі оталар жасаумен қатар бірнеше бөлімшелер ашылды. Атап айтқанда соңғы екі жылда ауруханада оңалту бөлімі, эндоваскулярлық хирургия және гемодиализ бөлімдері ашылды. 2022 жылы аталған ауруханада нейрохирургия бөлімі, кардиохирургия бөлімі, ортопедия бөлімі, құлақ-мұрын ауырларын хирургиялық емдеу (ЛОР) бөлімі, көз ауруларын хирургиялық емдеу бөлімі, урология бөлімін ашуды жоспарлап отыр.