Смартфондардың өмірімізге нық еніп кеткені қай заман. Қазіргі таңда кітаптар, ән, әуен, құжаттар да цифрлануда. Бірақ, біздің көңілімізден шығатын дүние бар ма? Қуанышқа орай, технология дамуы бір орында тұрмайды, әлем бірте-бірте толық цифрландыру форматына көшуде. Тіпті сақтандыру қызметтері де цифрлық заманнан қалыс қалған жоқ. Мысалы, «Номад Иншуранс»-те сақтандыру төлемін толықтай онлайн түрде жүргізу мүмкіндігі бар. Ал, бүгінгі материалда оны қалай іске асыру керек екенін баяндап береміз.
Сақтандыру мәселелеріне қатысты соңғы заңнамалық түзетулерге сәйкес, 2024 жылға қарай автокөлікті міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қызметін толықтай, яғни шарт жасасқан сәттен бастап сақтандыру төлемін алғанға дейін цифрландыру көзделген. Және сол жылдан бастап көлік иелеріне жеңіл жол-көлік апаттары салдарынан көліктеріне келтірілген залал үшін, егер келтірілген шығын мөлшері 100 АЕК-тен аспаса, сақтандыру төлемдерін алуды жеңілдететін «Еурохаттаманы» енгізу де жоспарлануда.
Егер жол-көлік оқиғасына қатысты адамдардың денсаулығына, өміріне зиян келмесе не басқа да жағдайлар болмаса, цифрланған сақтандыру қызметі полицияның қатысуынсыз, сотқа жүгінбей-ақ мобильді қосымшаның көмегімен сақтандыру төлемдерін алу үшін тиісті құжаттарды ресімдеуге мүмкіндік береді.
«Өткен жылы біз компанияның сайтында «Жеке кабинет» қызметін іске қостық. Ол сақтандыру төлемін компания кеңсесіне келмей-ақ қашықтықтан алуға мүмкіндік береді. Ал, мұндай мүмкіндік адамның ең қымбат ресурсы – уақытты үнемдейді», – деп бөлісті «Номад Иншуранс» СК басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов.
Клиент «Жеке кабинетте» тіркелгеннен кейін ағымдағы және өткен шарттарымен қатысты сақтандыру тарихын ашып қарап қана қоймай, онлайн түрде жаңа сақтандыру оқиғасы туралы да хабарлай алады, барлық қажетті құжаттарды ұсына алады, ЭСҚ арқылы қол қоя алады, мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін бағалауға сұраныс жіберіп, көп ұзамай нәтижесін біле алады, бағалау нәтижесімен келісетінін не келіспейтінін білдіріп, қайта қаралымға жіберіп, төлем жайлы талап қойып, төлемін ала алады.
Иманжановтың айтуынша, қазірдің өзінде компания клиенттері міндетті автосақтандыру платформасында толық онлайн қызметтерге қол жеткізе алады, бірақ жуырда қосымшаға сақтандырудың басқа түрлері де енгізіледі.
Бүгінгі таңда кез келген компанияның бәсекеге қабілеттілігі цифрлық бейімділігіне байланысты. Бұл сақтандыру нарығына клиенттермен жұмыс істеу үшін және жаңа қолданушыларды да тарту үшін қажет.
Заман ағымына ілесу үшін дамып, жаңа технологияларды енгізуіміз керек. Өйткені, цифрландыру көптеген мәселелерді ашық түрде шешуге мүмкіндік береді және қазақстандықтардың өмірін әжептеуір жеңілдетеді.
«Клиент пен оның ыңғайлы сезінуі біз үшін әрқашан бірінші орында. Болашақта қызметтер үлгісін жақсарту үшін бұдан да көп өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді «Номад Иншуранс» Басқарма Төрағасы.
Сонымен қатар оның айтуынша, клиенттер платформада полис шығарып, оны қайта рәсімдеп, ұзарта алады екен. Сондай-ақ, пайдаланушының қосымшаның ішіндегі әрбір әрекеті сақталып отырады, бұл компания мен клиент арасындағы кері байланысын растайтын құжат ретінде қолданылады. Соның арқасында сақтандыру компаниясы өз жұмысын одан да жылдам жүргізе алатын болады және клиенттердің уақытын, ақшасын, күш-қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Жеке кабинет» қызметін пайдалану үшін nomad.kz сайтына кіріп, ұялы телефон нөмірімен тіркеліп, веб-камера арқылы тұлғаны растау тексерісінен өтсе жеткілікті.