Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстанда сақтандыру нарығына қатысты бірқатар заңнамалық өзгерістер қабылданды. «Номад Иншуранс» СК басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов қабылданған реформалардың негізгі бөлімдерін түсіндіріп берді.
Республиканың «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Орталық банк нарығы туралы» сынды сақтандыру нарығының Азаматтық кодекске және сақтандырудың барлық міндетті түрлеріне тигізген әсерінен бастайық.
«Жаңа жылдан бастап елімізде Еуропротокол енгізілмек – бұл жол полициясы қызметкерлері мен соттың қатысуынсыз автокөлікті міндетті сақтандыру бойынша жайттерді реттеудің жеңілдетілген жүйесі. Келтірілген залалдың бағасын анықтау бөлігінде де өзгерістер жоспарланған – 2023 жылдан бастап келтірілген шығынды анықтау процедурасы 5 жұмыс күніне дейін қысқарады. Сондай-ақ, енді клиенттер сақтандыру компаниясына онлайн түрде жүгіну мүмкіндігіне ие болады», – деді Дәурен Иманжанов.
Онымен қоса 2024 жылдан бастап бұрынғы сақтандыру сыйлықақысын есептеу тәртібі де өзгеру мұмкін, яғни шығынды өтеу кезінде аумақтық және коэффициенттік ерекшеліктер ескерілетін болады. Сонымен қатар, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің құны көтерілу мүмкін. Ал, жуырда әртүрлі компаниялардың сайтында ұсынылып жатқан сақтандырудың 10% жеңілдіктері де өз өзектілігін жоғалту мүмкін.
Инновациялар сақтандырудың өзге де салаларын айналып өткен жоқ. Мысалы, 2025 жылдан бастап сақтандыру компаниясының кем дегенде бір атқарушы органы міндетті түрде актуарий (есеп жүргізу қызметі) курстарының ең болмаса жартысын өту керек. Тіпті уақытша жасасқан сақтандыру шарттарына талаптар қойылады.
«Заңнамаға енгізілген толықтыруларға сақтандырудың жаңа бөлімі – «заңды тұлғалардың несиелерін сақтандыру» қосылғанын айтқым келеді. «Жазатайым жағдайлардан сақтандыру» бөлімі де «Өзге де денсаулықтың нашарлау түрлері» тармағын қосу арқылы кеңейтіледі. Бұрын ол тек кәсіп кезінде залал тиген оқиғаларға қатысты болатын», – деп бөлісті «Номад Иншуранс» басқарма төрағасы.
Енгізілген түзетулерге сәйкес, бұдан былай жыл соңына дейін «жалпы сақтандыру» секторындағы компаниялар жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша толық портфелін өмірді сақтандыру ұйымдарына беруге міндетті екенін тағы айталық.
«Сақтандыру агенттерінің қызметіне қатысты көптеген өзгерістер енгізіледі. Мәселен, сақтандыру компанияларының сайтында енді агенттердің сыйлықақы мөлшері көрсетілетін болады, бұл ұйым жұмыстарының ашықтығын арттырады. 2024 жылдан бастап бұдан былай агенттер міндетті емес, тек ерікті түрде келісілген келісім-шарттарды жасаса алады. Жалпы, заң жобасы өте ауқымды. Инновациялардың басым бөлігі консервативті сақтандыру секторын әжептеуір қарқынмен дамытуға көмектесетін қажетті шаралар», – деп түйіндеді Иманжанов.
Өзгерістер туралы толық ақпаратпен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.