Қазақстанда 19 миллион адам тұрады, оның ішінде 700 мың адам – мүгедектігі бар тұлғалар. Олардың 80%-ы еңбекке қабілетті жаста, бірақ іс жүзінде 104 мың адам ғана жұмысқа орналасқан. Бұл мүгедектігі бар адамдар негізінен мемлекеттік жәрдемақы есебінен өмір сүріп, экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін өз әлеуетін толық жүзеге асыра алмайтынын білдіреді.
Бүгінде азаматтық қоғам өкілдері мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға және инклюзивті қоғамды дамытуға үлкен көңіл бөліп жүр. Бұл материалда Орталық Азияның Еуразия Қорының жұмысы мен «Шеврон» компаниясының қолдауының арқасында 2022 жылы Қазақстан өңірлерінде іске асырылған «Qolda 4.0» бағдарламасының үш әлеуметтік жобасы туралы айтып бергіміз келеді.
«Ардос-Жүрек», Солтүстік Қазақстан облысы
«Ардос-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» командасы жасөспірімдер мен жастар арасында инклюзивті қоғам қағидаттарын ілгерілетеді, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетеді. «Qolda 4.0» бағдарламасы аясында команда облыстағы 150 мектепке оқушылар мен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік деңгейіне мониториң жүргізді. Нәтижелер бойынша нысандардың 90%-ы арнайы жабдыққа мұқтаж, мектептердің 85%-ы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімсіз екені анықталды.
Жоба мамандары инклюзивті білім беру саласындағы білім деңгейіне 1600 педагогтан да сұхбат алды. Олардың 53%-ы мамандандырылған курстардан өтпегенін және ақпараттық-ресурстық қолдауды қажет ететіндігін айтты. Олар үшін команда «Барлығына арналған инклюзивті білім беру» атты арнайы әдістемелік құралын әзірледі. Алынған нәтижелерден кейін бірлестік басшысы Ақжан Кәрім биылғы күзде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Талғат Ешенқұловпен инклюзивті білім беру мәселелерін талқылады, сондай-ақ Астанадағы Назарбаев Университетінің бейінді шетелдік профессорларымен кездесті. Кездесулерден кейін тараптар осы мәселе бойынша жұмысты жалғастыруға, хабардарлықты арттыруға, сондай-ақ мектептер мен жоғары оқу орындарын қажетті құралдармен жабдықтауға келісті.
«Қорган-М», Түркістан облысы
«Корган-М» ҚБ командасы Түркістан облысында балаларды инклюзивті оқыту бойынша ақпараттық науқан өткізді. «Тең мүмкіндіктерге бірге» науқанына өңірдегі 100 мектептен 2500 оқушы қатысты. Жоба қорытындысы бойынша мамандар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 100 балабақшалары мен мектептерінде оқыту іс-шараларын өткізді, «Тең қоғам» әлеуметтік ролигін шығарды, ерекше балалармен қарым-қатынас этикасы бойынша педагогтарға арналған әдістемелік құрал әзірледі.
Жобаның үлкен жетістігі балалар тобында мүгедектігі бар жасөспірімдерге эмпатияны және мектеп оқушыларында мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың маңыздылығын түсінуді дамыту болды. Оқу орындарының әкімшіліктері жобаны қолдап, ерекше балалармен инклюзия және қарым-қатынас этикасы бойынша ақпараттық трениңтерге педагогтердің белсенді қатысуын қамтамасыз етті.
«Қорган-М» командасы бүкіл республика бойынша инклюзивті сыныптан тыс сағаттарды енгізуді жоспарлап отыр. Бірлестік директоры Диана Қырғызбаева дәріс оқып қана қоймай, әр баланың пікірін тыңдап, қажет болған жағдайда оны түзету, мүгедектігі бар балалармен жұмыс жөніндегі оқытушылар мен мамандарды оқыту қажет екенін атап өтті. Инклюзия — әр оқушының өзін ортада қабылданғанын сезінуге, қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеру үшін ықпал етеді. Мүгедек балалардың құрдастарының шеңберіне енуі үшін мектептер икемді сабақ кестесін ғана емес, сонымен қатар қарапайым балалардың ата – аналарымен жұмысты бастауы, сыныптан тыс сағаттарды өткізуі керек-мұның бәрі мүгедек балалардың қажетті көмек, түсіністік пен қабылдауды алуына ықпал етеді.
«Үміт- Надежда», Қостанай облысы
Қостанай облысындағы «Үміт-Надежда» ҚБ командасы «Профи-IT» жобасы бойынша мүгедектігі бар 50 адамды компьютерлік сауаттылық және қазіргі заманғы SMM, копирайтиң, таргетиң, сайттарды әзірлеу digital мамандықтары бойынша курстарға оқытты. Оқыту нәтижелері бойынша қатысушылар келешекте жұмысқа орналасуға және қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болуға қажетті дағдыларға ие болды.
Команда ауылдық аудандар мен ауылдарды қамти отырып, жобаны одан әрі іске асыруды жоспарлап отыр. Нарықта компьютерлік курстарға сұраныс көп. Ауыл тұрғындары әрдайым мүмкіндіктерден тыс қалады, ал олардың жұмысқа орналасу деңгейі төмен. Қоғамдық бірлестік базасында мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер порталдары бойынша кеңес ала алатын қолдау орталығында жұмыс істейді.
Осылайша, үкіметтік емес ұйымдар жаңа құралдарды қолдана отырып, тең құқықтықты қолдап, әртүрлі мүмкіндіктері бар қоғамды дамытуға үлесін қосады. Пандустар, көмекке шақыру батырмалары, Брайль қарпіне аудару, арнайы лифттер сияқты дәстүрлі бастамаларды жүзеге асырумен қатар, қазір ҮЕҰ-дар адвокация, ағарту, білім беру, прогрессивті технологияларды қолдану құралдарына да назар аударады.