ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ – «АЛТЫНКӨЛ» СТАНСАСЫНДА

Фото: КГД РК

Қазіргі уақытта  Жетісу облысының  Жаркент ауданындағы «Алтынкөл» стансасы еліміздің оңтүстік шығысындағы Еуропа мен Азияның арасын жалғастырып тұрған ең үлкен темір жол өткелі болып табылады. Себебі, «Алтынкөл» стансасы құрылған он жылдан астам уақыт ішінде екі ел арасындағы көлік қатынасы мен тауар айналымы бірнеше есеге артып отыр. Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың бес айының ішінде екі ел арасындағы көлік қозғалысы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 131 пайызға, экспорттық потенциал 279 пайызға, транзиттік тауар тасымалы 20 пайызға артты.  Сонымен қатар импортталған тауардың кедендік құны 466 миллион 492 мың (салмағы 131 752 т), экспортталған тауардың кедендік құны 4 миллиард 325 миллион (салмағы 1 849 840 т), транзиттік тауардың кедендік құны 10 миллиард 410 миллион доллардан (салмағы 2 168 459 т) асты.  Бұған қоса аталмыш теміржол өткелі арқылы тауар тасымалдауға мүдделі елдердің  саны қырықтан асқанын айта кеткеніміз артық болмас.  Оның ішінде ТМД елдері ғана емес, дамыған Европа мен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері де бар. Мысалы, экономикасы дамыған Швеция, Швейцария, Франция, Финляндия, Чехия, Словакия, Сингапур, Италия, Австрия, Германия, Норвегия, Испания, Италия, т,б. елдерге жөнелтілетін транзиттік тасымал да күн сайын артып келеді.

Exit mobile version