В Талдыкоргане прошла акция "Чистый город Талдыкорган"

Фото: Акимат области Жетісу

Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында «Таза қала Талдықорған» акциясы өткізілді. Оған 100-ден астам тұрғын мен волонтерлар қатысты. Акцияға қатысушылар қаладағы Астана мен  Балапанов көшелерінің бойына 200 түп ағаш отырғызды. Көшелер, арықтар мен жолдардың маңайы тазаланды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы осы күні тазалық шаралары облыстың барлық аудан, қалаларында да жалғасын тауып, шараға тұрғындармен қатар барлық мекеме-ұйымдар, түрлі сала қызметкерлері атсалысқанын жеткізді.  

Ал облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні облыс бойынша 82 тонна қоқыс шығарылып, 83 техника жұмылдырылды. Экологиялық шараға қатысқан адамдар саны 3830-ден асты. 

Акция бастау алғаннан бері Жетісу облысы аумағында 40 719 адамның белсене атсалысуымен 1650 тонна қоқыс шығарылып, 470 арық желілері тазартылды.

Еске салсақ, республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 6 сәуірде басталған болатын. Экологиялық науқан өңірлерді абаттандыру, тұрғындарды тазалыққа шақыру, киелі, тарихи мекендерде тазалық жұмыстарын жүргізуді мақсат етеді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді облыстық қоғамдық даму басқармасы ұсынды.

Exit mobile version