---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/04/11/v-taldykorgane-proshla-akcziya-chistyj-gorod-taldykorgan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# В Талдыкоргане прошла акция &quot;Чистый город Талдыкорган&quot;

![В Талдыкоргане прошла акция &quot;Чистый город Талдыкорган&quot;](https://optimism.kz/app/uploads/2024/04/70e1b16c0e2d9d71144fc8568f232a21_original.155627.jpg)

Фото: Акимат области Жетісу

Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында «Таза қала Талдықорған» акциясы өткізілді. Оған 100-ден астам тұрғын мен волонтерлар қатысты. Акцияға қатысушылар қаладағы Астана мен  Балапанов көшелерінің бойына 200 түп ағаш отырғызды. Көшелер, арықтар мен жолдардың маңайы тазаланды, —***деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.***

Облыстық қоғамдық даму басқармасы осы күні тазалық шаралары облыстың барлық аудан, қалаларында да жалғасын тауып, шараға тұрғындармен қатар барлық мекеме-ұйымдар, түрлі сала қызметкерлері атсалысқанын жеткізді.  

Ал облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні облыс бойынша 82 тонна қоқыс шығарылып, 83 техника жұмылдырылды. Экологиялық шараға қатысқан адамдар саны 3830-ден асты. 

Акция бастау алғаннан бері Жетісу облысы аумағында 40 719 адамның белсене атсалысуымен 1650 тонна қоқыс шығарылып, 470 арық желілері тазартылды.

Еске салсақ, республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 6 сәуірде басталған болатын. Экологиялық науқан өңірлерді абаттандыру, тұрғындарды тазалыққа шақыру, киелі, тарихи мекендерде тазалық жұмыстарын жүргізуді мақсат етеді.

**Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.**

**Фотосуреттерді облыстық қоғамдық даму басқармасы ұсынды.**

---

Опубликовано: 2024-04-11T10:29:03+05:00

Обновлено: 2024-06-14T16:54:23+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/), [Таза Қазақстан](https://optimism.kz/category/taza-kazahstan/)

Метки: [Жетісу](https://optimism.kz/tag/%d0%b6%d0%b5%d1%82%d1%96%d1%81%d1%83/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/04/11/v-taldykorgane-proshla-akcziya-chistyj-gorod-taldykorgan/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».