---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/04/13/konkurs-luchshij-art-obekt-iz-musora-projdet-v-ramkah-kampanii-almaty-nash-obshhij-dom/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Конкурс «Лучший арт-объект из мусора» пройдет в рамках кампании «Алматы &#8212; наш общий дом»

![Конкурс «Лучший арт-объект из мусора» пройдет в рамках кампании «Алматы &#8212; наш общий дом»](https://optimism.kz/app/uploads/2024/04/2550c5eb0bd4f3a5d226829163ab0946_original.327925.jpeg)

Фото: Акимат Алматы

«Қоқыстан жасалған үздік арт-объект» байқауы ағымдағы жылдың 12-30 сәуір аралығында Алматыда өтеді.

Байқауды өткізудің мақсаты — тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және ластану проблемаларына назар аудару, сондай-ақ халықты тәртіпті, тазалықты сақтауға және қалалық ортаға ұқыпты қарауға ынталандыру.

Байқауға қатысуға суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер, сондай-ақ шығармашылық объективі арқылы экологиялық проблемаларды көрсете алатын өнер сүйер қауым шақырылады. 

Қатысу үшін [ecology@almaty.gov.kz](mailto:ecology@almaty.gov.kz) электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

1.Қатысушының аты-жөні, телефон нөмірі;

2.Конкурсқа ұсынылатын арт-объектісінің сипаттамасы;

3.Арт-объектінің фотосуреті;

1. Қолданылған материалдар (макулатура, шыны, пластик, т.б.).

Байқаудың міндетті шарты қатысушының «Дербес деректер туралы» ҚР Заңына сәйкес дербес деректерді өңдеуге және конкурсқа қатысушылар туралы ақпараттық материалдарды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға келісуі болып табылады.

 

Өтінімдер ағымдағы жылдың 26 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады. Қосымша және қызықтыратын сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7(702) 066-22-55, +7(775) 289-86-55 +7(727) 390-41-07, +7(727) 390-41-30. Қоңыраулар жұмыс күндері және жұмыс уақытында, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

Қорытынды шығару үшін ұпайлар барлық көрсеткіштер бойынша жинақталады (*кесте қоса беріледі*). Қатысушылар тізімі кему ретімен бағаланады, яғни «Қоқыстан шыққан ең жақсы өнер нысаны» ең көп ұпай жинайды.

Байқаудың жеңімпаздары үшін жүлде қоры (демеушілік қаражат есебінен):

1 орын — 1 млн. теңге;

2 орын — 500 мың теңге;

3 орын — 300 мың теңге.

* *

*Кесте*

**№**
**Көрсеткіш мазмұны**
**Ұпай беру шкаласы**

 
**1**
Арт-объектінің көлемі
Шкала бойынша 1 ден 10 ұпайға дейін бағалау

 
**2**
Көркемдік бейне
Шкала бойынша 1 ден 10 ұпайға дейін бағалау

 
**3**
Түрлі материалдарды пайдалану
Шкала бойынша 1 ден 10 ұпайға дейін бағалау

 
**4**
Қалалық бағдарламаға қосу
Шкала бойынша 1 ден 10 ұпайға дейін бағалау

 
Қорытынды:
** **

 

Конкурстың қорытындысын қоғамдық және эко-қоғамдастық өкілдердің және өнер қайраткерлерінің қатысуымен конкурстық комиссия айқындайтын болады.

---

Опубликовано: 2024-04-13T14:51:38+05:00

Обновлено: 2024-04-13T14:51:38+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Алматы](https://optimism.kz/tag/almaty/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/04/13/konkurs-luchshij-art-obekt-iz-musora-projdet-v-ramkah-kampanii-almaty-nash-obshhij-dom/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».