---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/04/23/zhetisulyq-qutqarushylar-abaj-men-batys-qazaqstan-oblystarynda-kaesibi-koemek-sharalaryn-zhalghastyruda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жетісулық құтқарушылар Абай мен Батыс Қазақстан облыстарында кәсіби көмек шараларын жалғастыруда

![Жетісулық құтқарушылар Абай мен Батыс Қазақстан облыстарында кәсіби көмек шараларын жалғастыруда](https://optimism.kz/app/uploads/2024/04/43a9cca0abcc477765b24db58f694222_original-68856.jpeg)

Фото: Акимат области Жетісу

Жетісулық 14 құтқарушы Абай облысында, 4 құтқарушы Орал қаласының маңында су тасқынына байланысты құтқарушылық көмек шараларына белсене қатысуда, — ***деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.***

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар Абай облысына 29 наурызда, ал Батыс Қазақстан облысына 14 сәуірде аттанған. Олар Абай облысында су тасқынының салдарын жою, іздестіру жұмыстарына, ал Орал қаласының маңындағы саяжай алаптарының аумағында адамдар мен жануарларды құтқару, эвакуациялау жұмыстарын атқаруда. Құтқарушылар 3 бірлік арнайы техника, 3 бірлік мотопомпа, 6 бірлік жүзу құралдарымен жасақталған.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

**Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі**

**Фотосуреттерді Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті ұсынды.**

---

Опубликовано: 2024-04-23T12:46:06+05:00

Обновлено: 2024-04-23T12:46:06+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Жетісу](https://optimism.kz/tag/%d0%b6%d0%b5%d1%82%d1%96%d1%81%d1%83/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/04/23/zhetisulyq-qutqarushylar-abaj-men-batys-qazaqstan-oblystarynda-kaesibi-koemek-sharalaryn-zhalghastyruda/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».