---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/04/24/v-ramkah-nedeli-zhasyl-ajmaq-posadili-22-tysyachi-derevev-v-regione/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# В рамках недели &quot;Жасыл аймақ&quot; посадили 22 тысячи деревьев в регионе

![В рамках недели &quot;Жасыл аймақ&quot; посадили 22 тысячи деревьев в регионе](https://optimism.kz/app/uploads/2024/04/1671137cb47f092e26211d18547837f7_original-9307559-scaled.jpg)

Фото: Акимат области Жетісу

Жетісу облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аясында 22 мың түп ағаш отырғызды, — ***деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.***

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, экологиялық акцияға 80 мыңнан астам белсенді азамат атсалысқан. «Қазіргі таңда 22 мың түп ағаш отырғызылып, 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 619 арнайы техника жұмылдырылды. Бүгінгі бір күннің өзінде экологиялық акция аясында 1000 түп жасыл желек отырылғызылды», — делінген басқарма хабарламасында.

Жалпы жыл соңына дейін облыс аумағында 115 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр. Соның 5 мыңы Талдықорған қаласында отырғызылса, 42 мыңнан астамы көктем айларында, 32 мыңға жуығы күзде егіледі. Қалған 35 мыңнан астамы экологиялық акция аясында демеушілік қаражат есебінен отырғызылуда.

Еске салсақ, акцияның 5-ші аптасы «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Бұл аптадағы жұмыс өңірдегі бұлақтардың көзін ашуға, өзен арналарын тазартуға бағытталады.

 

**Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.**

---

Опубликовано: 2024-04-24T12:39:03+05:00

Обновлено: 2024-06-14T16:51:47+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/), [Таза Қазақстан](https://optimism.kz/category/taza-kazahstan/)

Метки: [Жетісу](https://optimism.kz/tag/%d0%b6%d0%b5%d1%82%d1%96%d1%81%d1%83/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/04/24/v-ramkah-nedeli-zhasyl-ajmaq-posadili-22-tysyachi-derevev-v-regione/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».